Материалы за Июнь 2022 года » 174 гимназия
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№174 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)351-26-14
Есепші бөлімі:
+7(727)399-51-19
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Июнь 2022 года
№174 мектеп - гимназияның 9 - сынып оқушылары 28 мамыр мен 6 - маусым аралығында 4 пәннен емтихан тапсырып, бүгін негізгі орта білім туралы АТТЕСТАТ қолдарына алды.
10
июнь
2022
№174 мектеп - гимназияның 9 - сынып оқушылары 28 мамыр мен 6 - маусым
Алматы қаласы Наурызбай ауданы №174 мектеп - гимназияның 9 - сынып оқушылары 2021-2022 оқу жылын аяқтау және орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу мерзімдерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірінің 2022 жылғы 20 сәуірдегі №159 бұйрығына сәйкес 28 мамыр мен 6 - маусым аралығында 4 пәннен емтихан тапсырып, бүгін негізгі орта білім туралы АТТЕСТАТ қолдарына алды. Өмір деген ұзақ жолдың тек бастапқы баспалдағындағы алғашқы
174 мектеп- гимназия жанындағы "Балауса" жазғы сауықтыру лагерінің жоспарына сәйкес 8- маусым күні балалар таңғы бой жазу жаттығуларын жасап " Жаздық киім үлгісі-2022" атты шығармашылық жұмыстарын орындады
08
июнь
2022
174 мектеп- гимназия жанындағы "Балауса" жазғы сауықтыру лагерінің
Бүгін 174 мектеп- гимназия жанындағы "Балауса" жазғы сауықтыру лагерінің жоспарына сәйкес 8- маусым күні балалар таңғы бой жазу жаттығуларын жасап,бойларын сергітіп жақсы көңіл- күймен " Жаздық киім үлгісі-2022" атты шығармашылық жұмыстарын орындады. Бұл күн балалар үшін тағы да бір жақсы естеліктермен ұштасты. Балалар мектебімізің жылыжайына саяхат жасап көгалдандыру жұмыстарымен танысты. Балалар еңбектің жемісі мол болатынына куә болды.
174 мектеп- гимназия жанындағы "Балауса" жазғы сауықтыру лагерінің жоспарына сәйкес 7- маусым күні лагерь демалушылары "Esentai Mall" сауда орталығындағы " Kino Park" кинотеатрына барып көңілді мультфильм көрді.
07
июнь
2022
174 мектеп- гимназия жанындағы "Балауса" жазғы сауықтыру лагерінің
174 мектеп- гимназия жанындағы "Балауса" жазғы сауықтыру лагерінің жоспарына сәйкес 7- маусым күні лагерь демалушылары "Esentai Mall" сауда орталығындағы " Kino Park" кинотеатрына барып көңілді мультфильм көрді. Балаларға бұл демалыс қатты ұнап, жақсы көңіл күймен қайтты.
Бүгін сауықтыру лагерінде топтар арасында "Бұрымды қыз!" сайысы өтті. Әр топтың қыздары шаш өру бойынша шараға қатысты. Қыздар осы шараға мұқият дайындалды.
06
июнь
2022
Бүгін сауықтыру лагерінде топтар арасында "Бұрымды қыз!" сайысы өтті.
Бүгін сауықтыру лагерінде топтар арасында "Бұрымды қыз!" сайысы өтті. Әр топтың қыздары шаш өру бойынша шараға қатысты. Қыздар осы шараға мұқият дайындалды. Ұзын шаштарға сәндік бейне берілді, әрбір шаш өру түріне ат қойылып, сипаттама берілді. Бұл шара пайдалы және қызықты болды! Сонымен қатар ұлдар арасында “Спорт-денсаулық кепілі” атты спорт сайысы ұйымдастырылды. Бұл шараға дене шынықтыру мұғалімдері де ат салысты.
4 маусым – Мемлекеттік рəміздер күні құтты болсын!
04
июнь
2022
4 маусым – Мемлекеттік рəміздер күні құтты болсын!
[media=https://www.instagram.com/tv/CeXmRWpoIAL/?utm_source=ig_web_copy_link] 4 маусым – Мемлекеттік рəміздер күні құтты болсын! Бүгінде Мемлекеттік Ту, Елтаңба, Әнұран –әр қазақ мақтан тұтатын, халқымыздың береке-бірлігін арттыра түсетін бойтұмарға айналды. Рәміздеріміз арқылы дөңгеленген дүниеге Тәуелсіздігіміздің тұғырлы екенін, біз үшін тыныштық пен түсіністік, ізгілік пен татулықтан асқан қымбат ұғым жоқ екенін жеткізіп келеміз. Құрметті отандастар, көрген кезде жігерлендіріп, бойымызды
174 мектеп-гимназиясының жазғы сауықтыру лагерінде рәміздер күніне орай "Рәміздері елімнің" тақырыбында тәрбие сағаты өтті.
03
июнь
2022
174 мектеп-гимназиясының жазғы сауықтыру лагерінде рәміздер күніне
174 мектеп-гимназиясының жазғы сауықтыру лагерінде рәміздер күніне орай "Рәміздері елімнің" тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Әнұран Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі. Сондай-ақ рәміздер – халқымыздың мұқалмас рухын, қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман-тілегін жеткізетін құнды белгілер. "Біз тәуелсіздікке аңсап,
Бүгін " Балауса " жазғы сауықтыру лагерінде "2022 жыл- балалар жылы"іс - шаралар аясында балалар " Мен- бақытты баламын" тақырыбында асфальтқа сурет салудан жарысты
02
июнь
2022
Бүгін " Балауса " жазғы сауықтыру лагерінде "2022 жыл- балалар
Бүгін " Балауса " жазғы сауықтыру лагерінде "2022 жыл- балалар жылы"іс - шаралар аясында балалар " Мен- бақытты баламын" тақырыбында асфальтқа сурет салудан жарысты. Жақсы нәтиже көрсеткен оқушылар дипломдармен марапатталды.
1 маусым —Балаларды қорғау күніне орай "Алматы БАЛАFEST" фестивалі аясында өткізілген қалалық байқаудан №174 мектеп-гимназиясының оқушылары жүлделі орындарға ие болды
01
июнь
2022
1 маусым —Балаларды қорғау күніне орай "Алматы БАЛАFEST" фестивалі
1 маусым —Балаларды қорғау күніне орай "Алматы БАЛАFEST" фестивалі аясында өткізілген қалалық байқаудан №174 мектеп-гимназиясының оқушылары жүлделі орындарға ие болып, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы құттықтауына қатысты. Жеңімпаз оқушыларымызды құттықтаймыз! 💐