24.11.2018 жылы 174 мектеп-гимназиясы мұғалімдері Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың 21.11.2018 жылы жарияланған "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласын талдады. Екі бөлімнен тұратын бұл мақаланың әр бөлімшесінің құндылығын, Ұлы даланы мекендеген Қазақстан елінің мәдениеті, өндіріс технологиялары, этно-тарихи музыкасы, жер қойнауы байлығын меңгеру әдіс-тәсілдері бәрі басқа жақтан келмеген, түп нұсқасы екенін түсіндіріп, Ұлы даламыздан батысқа, шығысқа, күнгей мен теріскейге тарағанын мақтана дәріптеуге болатынын ұқты.
Бұл мақала Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың "Рухани жаңғыру" бағдарламасының жалғасы ретінде қарастырып, болашақ ұрпаққа жеткізу өз міндеттері екенін түсінген ұстаздар тәрбие жұмысына бағыт алды!