Мектебіміздегі «Туған жер» бастауыш партия ұйымы «Нұр Отан» партиясының алға қойған мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруда өз үлесін сапалы тұрғыда қосуда. » 174 гимназия
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№174 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)351-26-14
Есепші бөлімі:
+7(727)399-51-19
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектебіміздегі «Туған жер» бастауыш партия ұйымы «Нұр Отан» партиясының алға қойған мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруда өз үлесін сапалы тұрғыда қосуда.
02
ноябрь
2018

Мектебіміздегі «Туған жер» бастауыш партия ұйымы «Нұр Отан» партиясының алға қойған мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруда өз үлесін сапалы тұрғыда қосуда.

Жиырма жылға тарта тарихы бар «Нұр Отан» партиясы – әлемдік және елімізде халықтық мәні жоғары партия. Олай дейтінім, елбасы Н.Назарбаев жетекшілік ететін «Нұр Отан» партиясы – қазақстандық көшбасшы партия ғана емес, әлемдік деңгейде де бағыт-бағдары айқын және даму барысы дараланған биіктігімен бағалы болып отырған партия. Сонымен бірге, қай кезде де «Нұр Отан» партиясының күн тәртібінде халықтың жай-күйі тұрады. Партия идеологиясының басты құндылықтарының бірі – адам. Адамға қатысты игі құндылықтардың бәрі шоғырланған бұл партия қазақстандық әрбір адамның бойына ертеңге деген сенімділік пен үміт отын сыйлайтыны анық. Сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясына аса сенімділікпен партия мүшесі болып жатқан күнделікті жайттарды кездестірем. Мен және мен бастаған ұжымның жүз пайызы «Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» салтанат құрған «Нұр Отан» партиясының мүшесіміз. Мектебімізге жаңадан қосылған жас мамандарымызға партияның халық игілігі үшін жасап жатқан еңбектерін таныстырудамыз. Әрине, еліміздің болашағы – жастарымыз елбасы жетекшілік ететін партия қағазын мақтанышпен қолдарына алуда. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың ел және партия басшысы ретінде бастаған әрбір ісін халық қолдайды. Оның бір дәлелі, мен басшылық ететін №174 мектеп-гимназиясының өзін де елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» жобасын іске асыру аясында «Сәби» қайырымдылық қоры салып, мемлекетімізге сыйға тартқан. Мектебіміздегі «Туған жер» бастауыш партия ұйымы «Нұр Отан» партиясының алға қойған мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруда өз үлесін сапалы тұрғыда қосуда. Ең әуелі, білім ордасы болғандықтан, білім саласында көтерген мәселелеріне қолдау білдіріп, жүзеге асыру басты міндетіміз деп санаймыз. Бұл күнде, «Сандық білім беру ресурсының» оқу үдерісіндегі маңызын ұжымның әр мүшесі біледі, оны кеңінен пайдалануды үрдіске айналдырды. Елбасы Н.Назарбаев жетекшілік ететін «Нұр Отан» партиясының ел игілігі үшін атқарып жатқан ісінің куәсі бола отырып, оның ертеңіне нық сеніммен қараймыз. Әрине, партияның қолдаушысы – халық. Сол халықтың сапында біз де бармыз. Ел тұғырлы болуы үшін елбасы бастаған партияның керегесі мықты болсын!

Мектебіміздегі «Туған жер» бастауыш партия ұйымы «Нұр Отан» партиясының алға қойған мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруда өз үлесін сапалы тұрғыда қосуда.

 

 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации: