2022 жылдың 22 сәуірінде Алматы қаласы Наурызбай ауданында орналасқан 174 мектеп-гимназияда ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, қазақ әдебиетінің ірі өкілі Қадыр Мырза-Әлінің шығармашылығына арналған «Қадыр оқулары» байқауының I аудандық кезеңі өткізіл » 174 гимназия
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№174 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)351-26-14
Есепші бөлімі:
+7(727)399-51-19
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2022 жылдың 22 сәуірінде Алматы қаласы Наурызбай ауданында орналасқан 174 мектеп-гимназияда ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, қазақ әдебиетінің ірі өкілі Қадыр Мырза-Әлінің шығармашылығына арналған «Қадыр оқулары» байқауының I аудандық кезеңі өткізіл
28
апрель
2022

2022 жылдың 22 сәуірінде Алматы қаласы Наурызбай ауданында орналасқан 174 мектеп-гимназияда ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, қазақ әдебиетінің ірі өкілі Қадыр Мырза-Әлінің шығармашылығына арналған «Қадыр оқулары» байқауының I аудандық кезеңі өткізіл

2022 жылдың 22 сәуірінде Алматы қаласы Наурызбай ауданында орналасқан 174 мектеп-гимназияда ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, қазақ әдебиетінің ірі өкілі Қадыр Мырза-Әлінің шығармашылығына арналған «Қадыр оқулары» байқауының I аудандық кезеңі өткізілді.
Мақсаты: Қадыр Мырза-Әлі шығармаларын насихаттау, поэзияға деген құштарлықтарын арттыру, шығармашылық қабілеттерін , эстетикалық талғамдарын анықтау, тіл байлығын, көркем сөз оқу шеберлігін дамыту, ақын сөздеріне жазылған әндерді дәріптеу.
«Сөзім барда – өзім бар» атты ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу; «Болу үшін жаралғам туған жердің жырауы...» атты ақын өлеңдеріне жазылған әндерді орындау; «Өлең жаздым тоғыз тарау, жеті өрім» атты ақын өлеңдерін нақышына келтіріп, жатқа оқу номинациялары бойынша мектебіміз оза шауып, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанды.
«Сөзім барда – өзім бар» номинациясы бойынша:
Бас жүлдеге 5 «Д» сынып оқушысы Алмасқызы Әмина (жетекшісі Жиенбай Арайлым); 2-орын 8 «Д» сынып оқушысы Ахан Сарым (жетекшісі Исқақова Жадыра);
«Өлең жаздым тоғыз тарау, жеті өрім» номинациясы бойынша:
Бас жүлде 7 «Е» сынып оқушысы Қайрат Әбдірахман (жетекшісі Ордаханова Айман); 3-орын 8 «Д» сынып оқушысы Жарылқасын Нұрдәулет (жетекшісі Ниязбек Гүлфайруз;
«Болу үшін жаралғам туған жердің жырауы номинациясы бойынша:
1-орын 8 «Ж» сынып оқушысы Айтенова Малика (жетекшісі Асанова Индира.
«Ұстаз болу- өз уақытыңды аямау, өзгенің уақытын аялау» деп француз ойшылы айтқандай, шәкірттерін шығармашылыққа баулып, аянбай еңбек етіп жүрген аяулы ұстаздарымызға айтар алғысымыз шексіз!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: