"Өскелең ұрпақтың санасын қалыптастыруда отбасының рөлі және қамқорлық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың негізгі мәселелері" атты онлайн семинар-кеңес » 174 гимназия
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№174 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)351-26-14
Есепші бөлімі:
+7(727)399-51-19
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Өскелең ұрпақтың санасын қалыптастыруда отбасының рөлі және қамқорлық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың негізгі мәселелері" атты онлайн семинар-кеңес
07
февраль
2018

"Өскелең ұрпақтың санасын қалыптастыруда отбасының рөлі және қамқорлық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың негізгі мәселелері" атты онлайн семинар-кеңес

Хаттама №1

Күні: 07.02.2018 ж.

Қатысқандар: Алматы қаласы Наурызбай ауданы №174 мектеп-гимназиясы директорының оқу және тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілер және 61 ата-ана, сондай-ақ «Қамқоршылық кеңестің» төрағасы Батырханова Алмагуль Исаевна.

Күн тәртібінде:

1.Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығымен құрылған «Қамқоршылық кеңесінің» жұмысы.

Тыңдалды:

1. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша, Алматы қаласы Білім басқармасының басшысының міндетін атқарушы Г.М.Ходжабергенова ата-аналарға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығымен құрылған «Қамқоршылық кеңес» ережесімен және мектептің ішкі тәртіп ережесімен таныстырды. Ол өз сөзінде кеңестің құрылу мақсаты, міндеті, қандай жұмыстар атқаруға негізделгендігі туралы айтып өтті. «Қамқоршылық – білім беру жүйесін, ізгілік қызметтерін (білім беру, ғылым, мәдениет және өнер, спорт және денсаулық сақтау) қолдаумен байланысқан әлеуметтік белсенділік саласы. Қамқоршылық кеңесі – қоғамдық бірлестік, бірге басқарудың қоғамдық-мемлекеттік түрлерін дамыту және білім беру жүйесі, ізгілік қызметтері мекемелеріне қолдау жасауға қосымша қаржы тарту мақсатында құрылады». Сондай-ақ, ол мектеп қабырғасынан құрылатын отырған «Қамқоршылық кеңес» жұмысын жоғары деңгейде жүргізіп, ауыз біршілікпен, бірлесе отырып жұмыс істеуге шақырды.

2. Екінші кезекте Туяхбаев Самат пен Кашкынбаева Ботагөз «Қамқоршылық кеңес» туралы сөз қозғап, жемқорлықтың алдын алудың бірден бір жолы екеніне тоқталып өтті. Жиналыс соңында сұрағы бар ата-аналар өз сұрақтарын қойып, қанағаттанарлық жауаптар алды.

 

   

 

"Өскелең ұрпақтың санасын қалыптастыруда отбасының рөлі және қамқорлық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың негізгі мәселелері" атты онлайн семинар-кеңес

 

"Өскелең ұрпақтың санасын қалыптастыруда отбасының рөлі және қамқорлық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың негізгі мәселелері" атты онлайн семинар-кеңес

 


 

 


 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: