№174 мектеп – гимназияда «Еркін елдің ертеңі – кемел білім мен ана тілінде» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің онкүндігінің ашылу салтанаты өтті. » 174 гимназия
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№174 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)351-26-14
Есепші бөлімі:
+7(727)399-51-19
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №174 мектеп – гимназияда «Еркін елдің ертеңі – кемел білім мен ана тілінде» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің онкүндігінің ашылу салтанаты өтті.
04
март
2019

№174 мектеп – гимназияда «Еркін елдің ертеңі – кемел білім мен ана тілінде» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің онкүндігінің ашылу салтанаты өтті.

Ел Тәуелсіздігінің ең басты белгісі – оның ана тілі екені бәрімізге мәлім. Тіл қандай ұлтта, қандай елде болмасын әрқашан қастерлі де,құдіретті. Болашағымызды баянды етер басты қаруымыз – тіліміз. «Адамға екі нәрсе тірек тегі, Бірі – тіл, бірі – ділің жүректегі», — деп, Жүсіп Баласағұн бабамыз айтқандай кез - келген мемлекеттің, елдің ең негізгі рәмізі де, ұраны да, тірегі де сол елдің ана тілі болмақ. Бүгін №174 мектеп – гимназияда «Еркін елдің ертеңі – кемел білім мен ана тілінде» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің онкүндігінің ашылу салтанаты өтті. Мақсаты - ұлттық сана - сезімі мол, Отанын, ана тілін өз анасынан кем сүймейтін азамат пен азаматша тәрбиелеу, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау, патриоттық сезімін ояту. Жаңартылған оқу мазмұнын жүзеге асыру жолында оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыру. Онкүндіктің ашылу салтанаты күмбірлеген күймен ашылып, оқушыларға ерекше көңіл-күй сыйласа, мәнерлеп оқу шеберлерінің орындауындағы тіл туралы өлеңдер тыңдармандарын тамсандырды. Онкүндіктің аясында әр түрлі іс-шаралармен қатар, туған тілдің құдіретін жете түсінетін, салт-дәстүрді бойына сіңірген "Ана тілі аруы -2019" атты жоғарғы сынып оқушыларының арасында арулар сайысы өтеді. Әрбір өтілетін іс-шаралар білім нәрін және тәрбие құндылықтарын бала бойына сіңіретіні сөзсіз.

№174 мектеп – гимназияда «Еркін елдің ертеңі – кемел білім мен ана тілінде» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің онкүндігінің ашылу салтанаты өтті.
№174 мектеп – гимназияда «Еркін елдің ертеңі – кемел білім мен ана тілінде» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің онкүндігінің ашылу салтанаты өтті.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: