"ҮЗДІК ЖЫЛ МҰҒАЛІМІ - 2020" байқауы » 174 гимназия
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№174 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)351-26-14
Есепші бөлімі:
+7(727)399-51-19
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "ҮЗДІК ЖЫЛ МҰҒАЛІМІ - 2020" байқауы
24
февраль
2020

"ҮЗДІК ЖЫЛ МҰҒАЛІМІ - 2020" байқауы

Ақпанның 24-і күні Алматы қаласы Наурызбай ауданы #174мектеп - гимназияда "ҮЗДІК ЖЫЛ МҰҒАЛІМІ - 2020" байқауының мектепішілік кезеңі өтті. "Ұстаз" деген - ұлы есімге, зымыраған уақыттың еншісімен ілесе отырып, заман талабына сай үлгі тұтар ұстаз атану қиын-ақ. Осыған орай, өздерінің озық тәжірибесімен жас буын мен орта буынға үлгі бола білген мектебіміздің ұстаздары арасында байқау өтті. Байқау қорытындысы III кезеңнен тұратын тапсырмалардың нәтижесінде бағаланды. 
1 - іріктеу кезеңі бойынша ұстаздарымыз пәндерінен тест сұрақтарына жауап берді;
2 - "Менің жаңашыл педагогтік тәжірибем" атты кәсіби шығармашылығының әдістемелік және технологиялық құрылымының таныстырылымы; 
3 - кезең. "Сабағым - кәсіби тұжырымдамамның айнасы" атты таныстырылым негізінде жүргізілген сабақ; 
Осы кезеңдерден оқ бойы оза шауып, мектепішілік байқаудан ағылшын тілі пәнінің ұстазы Алмабаева Гүлнұр бас жүлдемен марапатталып, аудандық байқауға жолдама алды.
Байқауға қатысуға ниет білдірген әрбір ұстазға айтар алғысымыз шексіз, әрдайым өздеріңіздің озық тәжірибелеріңізбен бөлісе отырып, келешек буынға үлгі бола беріңіздер!
#174мектеп_гимназия 




Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации: