Іс-шаралар » Страница 12 » 174 гимназия
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№174 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)351-26-14
Есепші бөлімі:
+7(727)399-51-19
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 12
Қазақ халқының мәртебелі төрі, еңселі Елордамыздың туған күнімен  №174 мектеп - гимназия оқушылары шын жүректен құттықтайды!
02
июль
2021
Қазақ халқының мәртебелі төрі, еңселі Елордамыздың туған күнімен
https://www.instagram.com/p/CQ_KnFBH1Ds/?utm_source=ig_web_copy_link Қазақ халқының мәртебелі төрі, еңселі Елордамыздың туған күнімен  №174 мектеп - гимназия оқушылары шын жүректен құттықтайды! Ел бірлігінің алтын діңгегі болған астананың абыройы асқақтай берсін! Алты Алаштың айбарлы астанасы алты құрлыққа аты шығып, әлемнің бейбіт қаласына айналсын деп тілек білдірген мектебіміздің оқушылары елордамыздың суреттерін қағаз бетіне бейнеледі.
Ұлы мұрамызды ұлықтайтын Ұлттық домбыра күнімен қазақ елін #174 мектеп - гимназияның талантты шәкірттері шын жүрегімен құттықтай отырып, аспапта орындалған күйлерін тарту етті
01
июль
2021
Ұлы мұрамызды ұлықтайтын Ұлттық домбыра күнімен қазақ елін #174
Ұлы мұрамыз­ды ұлықтайтын Ұлттық домбыра күнімен қазақ елін #174 мектеп - гимназияның талантты шәкірттері шын жүрегімен құттықтай отырып, аспапта орындалған күйлерін тарту етті. Еліміздің ашық аспанында көк туымыз мәңгі желбіреп, қоңыр үнді домбырамыз әрдайым шырқалсын! #174мектеп_гимназия #наурызбайауданы #нұротан #нуротаналматы #домбыракүні2021🇰🇿🎼  
174 мектеп-гимназия кітапханасы, Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесіне қарасты Отбасылық оқу кітапхана бөлімшесімен бірігіп "Кітап алмасайық" акциясын өткізді.
15
июнь
2021
174 мектеп-гимназия кітапханасы, Алматы қаласы Орталықтандырылған
№174 мектеп-гимназия кітапханасы, Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесіне қарасты Отбасылық оқу кітапхана бөлімшесімен бірігіп "Кітап алмасайық" акциясын өткізді. Шараға 174 мектеп-гимназия жанындағы "Балауса" жазғы сауықтыру орталығының балалары қатысты. Мақсаты: балалардың шығармашылық іс-әрекеттері арқылы кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру.
Алматы қаласы Наурызбай ауданы №174 мектеп-гимназияда "Сәт сапар, Тәуелсіз елдің ұланы!" атты ЖАС ТҮЛЕКТЕРГЕ мектеп бітіру куәлігін табыстауға арналған салтанатты жиын өтті.
14
июнь
2021
Алматы қаласы Наурызбай ауданы №174 мектеп-гимназияда "Сәт сапар,
Алматы қаласы Наурызбай ауданы №174 мектеп-гимназияда "Сәт сапар, Тәуелсіз елдің ұланы!" атты ЖАС ТҮЛЕКТЕРГЕ мектеп бітіру куәлігін табыстауға арналған салтанатты жиын өтті. Шара барысында барлық санитарлық талаптар қатаң сақталды. Мерекелі күні жас түлектерге барлық ұстаздар ұжымының атынан жарқын болашаққа бастаған қадамдарына сәттілік тілеп, ҰБТ-ден сүрінбей өтіп, биіктен көрініңіздер дегіміз келеді. Жүрегім шымырлап бір өтті менің, Сендерге арналады ақ тілегім. Ұяңнан қанат қағып ұштың,
Наурызбай ауданы №174 мектеп - гимназиясында 9- сынып білім алушыларына негізгі орта білім беру аттестаттары табыс етілді.
11
июнь
2021
Наурызбай ауданы №174 мектеп - гимназиясында 9- сынып білім
Наурызбай ауданы №174 мектеп - гимназиясында 9- сынып білім алушыларына негізгі орта білім беру аттестаттары табыс етілді. Мектеп - гимназия директоры А.М.Маликова жас буындарға жылы лебізі мен құттықтау тілегін білдіре отырып, әр оқушыға жеке-жеке аттестаттарын табыстады. 9 - сынып оқушыларын аттестаттарымен шын жүректен құттықтай отырып, жазғы демалыстарыңызға сәттілік тілейміз!
Алматы қаласы Наурызбай ауданы №174 мектеп - гимназияның 9 - сынып білім алушылары 28.05 - 05.06.2021ж. күндері аралығында қорытынды аттестаттау емтихандарын тапсырды.
08
июнь
2021
Алматы қаласы Наурызбай ауданы №174 мектеп - гимназияның 9 - сынып
Алматы қаласы Наурызбай ауданы №174 мектеп - гимназияның 9 - сынып білім алушылары 28.05 - 05.06.2021ж. күндері аралығында қорытынды аттестаттау емтихандарын тапсырды. Қорытынды аттестаттау барысында барлық санитарлық талаптар сақталды. 9 - сынып оқушыларын емтихандарының аяқталуымен құттықтай отырып, жаздағы демалыстарын қызықты өткізулеріне тілектеспіз.
КӨШЕДЕ, ҮЙДЕ, ТАБИҒАТ АЯСЫНДА ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІН САҚТАЙЫҚ!!!
07
июнь
2021
КӨШЕДЕ, ҮЙДЕ, ТАБИҒАТ АЯСЫНДА ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІН САҚТАЙЫҚ!!!
Судағы қауіпсіздік ережелері❗❗❗ • Тыйым салынған жерде шомылмаңыз! • Шомылып жүрген балаларды қараусыз қалдырмаңыз! • Шомылғанда камераларды, доптарды, тақтайларды пайдаланбаңыз! • Жалған дабыл бермеңіз! • Өтіп бара жатқан катерлерге, кемелер мен қайықтарға қарай жүзбеңіз! • Суға көпірлерден, тоғандардан, айлақтардан, қайықтар мен катерлерден секірмеңіз! • Таныс емес жерден сүңгімеңіз! КӨШЕДЕ, ҮЙДЕ, ТАБИҒАТ АЯСЫНДА ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІН САҚТАЙЫҚ!!!
Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, 174 мектеп-гимназиясында "Бала еңбегін қанауға жол жоқ" тақырыбында іс-шара болып өтті.
06
июнь
2021
Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, 174 мектеп-гимназиясында "Бала
Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, 174 мектеп-гимназиясында "Бала еңбегін қанауға жол жоқ" тақырыбында іс-шара болып өтті. Науқанды өткізудің негізгі мақсаты – қоғамның назарын, соның ішінде ересектерді, балаларды және олардың ата – аналарын балалар еңбегінің ең нашар түрлерін қолданудың алдын алу мәселелеріне аудару, сондай-ақ осы саладағы құқықтық ақпараттандыру болып табылады.
Алматы қаласы, Наурызбай ауданының ТЖ Басқармасы ата-аналарға кішкентай балаларды бақылауды күшейтуге шақырады.
05
июнь
2021
Алматы қаласы, Наурызбай ауданының ТЖ Басқармасы ата-аналарға
Алматы қаласы, Наурызбай ауданының ТЖ Басқармасы ата-аналарға кішкентай балаларды бақылауды күшейтуге шақырады. Оларды терезелері ашық бөлмелерде жалғыз қалдырмауды, балалар терезеге көтеріле алмайтындай етіп жиһаздың барлық түрлерін терезеден жылжыту керектігін, масалардың торларына сенудің қажеті жоқтығын, олар құлаудан қорғауға арналмаған екендігін ескертеді❗❗❗
«Мемлекеттік рәміздер – бұл біздің мемлекетіміздің, біздің егемендігіміздің берік негізінің бірі.
04
июнь
2021
«Мемлекеттік рәміздер – бұл біздің мемлекетіміздің, біздің
«Мемлекеттік рәміздер – бұл біздің мемлекетіміздің, біздің егемендігіміздің берік негізінің бірі.Олар Тәуелсіздіктің қасиетті біріктіруші образын білдіреді» - деп, тұңғыш Елбасымыз айтқандай мемлекеттік рәміздерді құрметтеу біздің міндетіміз. Елдің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін негізгі атрибуттарының бірі Мемлекеттік рәміздер. 4 - маусым рәміздер күнімен барша халықты құттықтаймыз. Ашық аспанымызда көк туымыз мәңгі желбіресін.