Ұстаздық жолды қадір тұтып, оқушымен берік қатынас орната білген сынып жетекшілер арасында "МЕН СЫНЫБЫММЕН МАҚТАНАМЫН" тақырыбында өткен онкүндіктің жабылу салтанаты өтті. » 174 гимназия
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№174 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)351-26-14
Есепші бөлімі:
+7(727)399-51-19
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Ұстаздық жолды қадір тұтып, оқушымен берік қатынас орната білген сынып жетекшілер арасында "МЕН СЫНЫБЫММЕН МАҚТАНАМЫН" тақырыбында өткен онкүндіктің жабылу салтанаты өтті.
11
декабрь
2019

Ұстаздық жолды қадір тұтып, оқушымен берік қатынас орната білген сынып жетекшілер арасында "МЕН СЫНЫБЫММЕН МАҚТАНАМЫН" тақырыбында өткен онкүндіктің жабылу салтанаты өтті.

"Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға", демекші бүгін Алматы қаласы Наурызбай ауданы #174 мектеп - гимназияда ұстаздық жолды қадір тұтып, оқушымен берік қатынас орната білген сынып жетекшілер арасында "МЕН СЫНЫБЫММЕН МАҚТАНАМЫН" тақырыбында өткен онкүндіктің жабылу салтанаты өтті. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Оразбаева Ж. мен Оразбаева А.З. және сынып жетекшілер бірлестігінің жетекшісі Жуманбекова А.Р.-ның ұйымдастыруымен "Жаңашыл педагог-2019" байқауы өтті. Ертеңгі күннің, бүгінгі күннен асып түсуіне ықпал етіп, адамзат қоғамын алға жетелеуші құдіретті күш ол- білім. Осы орайда сынып жетекшілер онкүндігінде бастауыш сатыдан бастап жоғары буын сынып жетекшілері қиялы мен шығармашылығын дамыту арқылы, заман талабына сай жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптамтыру мақсатында өткізілген байқау 3-кезеңнен тұрды: 1. Тәрбие сағатындағы ақпараттық - коммуникциялық технологиялар (яғни видео түсірілім);
2. Сынып жетекшілер портфолиосы;
3. Педагогикалық импровизация. Сахналық театрландырылған көрініс.
Байқауға 1 - 7 сынып арасынан 7 -мұғалім өз өнерлерін көрсетті. Байқау нәтижесі бойынша БАС ЖҮЛДЕні 2 - сыныптардың көшін бастап шыққан Себепбаева Г. иеленді. Жеңімпазға "Көктем" санаторийға 10 күндік жолдама табысталды. Жүлделі I орынды 7 - сыныптың жетекшісі Абдрахман Г.Ғ. , II орынды 6 - сыныптың жетекшісі Қабілезқызы А., III орынды 4 - сыныптың жетекшісі Сымханова Ж. иеленді. Сәйкесінше жеңімпаздар 20000,15000, 10000 теңгелермен марпатталды.
#174мектеп_гимназия
#174мектеп_гимназия








 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации: