Оқушыларға » Страница 7 » 174 гимназия
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№174 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)351-26-14
Есепші бөлімі:
+7(727)399-51-19
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 7
174 мектеп-гимназия кітапханасында "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында "Табиғатқа табын, Адам!" тақырыбында 7 "д" сынып оқушыларымен іс-шара өткізілді.
19
январь
2023
174 мектеп-гимназия кітапханасында "Оқуға құштар мектеп" жобасы
2023 жылдың қаңтар айының 19-шы жұлдызы күні 174 мектеп-гимназия кітапханасында "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында "Табиғатқа табын, Адам!" тақырыбында 7 "д" сынып оқушыларымен іс-шара өткізілді. Мақсаты: оқушылардың қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары жайлы түсініктерін кеңейту, табиғатты сүюді, қорғауды, табиғат-Ана ға сүйіспеншілікпен қарауды үйрету. @edu.almaty @akimat_nauryzbai_audany @otdel_obrazovaniya_nauryzbay #174мектепгимназия 
№174 мектеп-гимназияда қаңтар айының 18 күні ювениалды полиция басқармасының капитаны Нугыманов Е.Б. қатысуымен «Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық» тақырыбында 8-11 сынып оқушыларына түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
18
январь
2023
№174 мектеп-гимназияда қаңтар айының 18 күні ювениалды полиция
Алматы қаласы, Наурызбай ауданы №174 мектеп-гимназияда қаңтар айының 18 күні ювениалды полиция басқармасының капитаны Нугыманов Е.Б. қатысуымен «Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық» тақырыбында 8-11 сынып оқушыларына түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Түсіндірме жұмысының мақсаты: Құқықтық тәрбиенің өмірілік қажеттілігін оқушыларға түсіндіру. Құқықтық тәрбиенің, жігердің қоғамда маңызы зор екендігі түсіндіріп құқықтық сауатқа тәрбиелеу, өз ойларын еркін айтуға үйрету.
"Болашақ бизнес - көшбасшысы" стартап-форумына 10-11 сынып оқушылары қатысып, өз жобасын ұсынды
16
январь
2023
"Болашақ бизнес - көшбасшысы" стартап-форумына 10-11 сынып оқушылары
Алматы қаласы Білім басқармасының "Алматы дарыны" дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығының ұйымдастыруымен "Болашақ бизнес - көшбасшысы" стартап-форумына 10-11 сынып оқушылары қатысып, өз жобасын ұсынды. Жоба жетекшілері: Қалдыкенова Б.К. және Алмабаева Г.И. Жобаға қатысқан оқушылардың барлығы сертификаттармен марапатталды.
Алматы қаласы Білім басқармасының 11.01.2023 күнгі №10 бұйрығы негізінде 12-13 қаңтарда №174 мектеп-гимназия қашықтықтан оқуда.
12
январь
2023
Алматы қаласы Білім басқармасының 11.01.2023 күнгі №10 бұйрығы
Алматы қаласы Білім басқармасының 11.01.2023 күнгі №10 бұйрығы негізінде 12-13 қаңтарда №174 мектеп-гимназия қашықтықтан оқуда. Білім сапасын қамтамасыз ету мақсатында мектеп қашықтан оқуды онлайн Google Meet, Zoom платформаларында стриминг форматында және цифрлы оқулық TopIQ платформасы арқылы өтуде.
“Almaty arena” мұз сарайында “ALMATY TECH CUP-2022” VII ашық чемпионаты өтті
22
декабрь
2022
“Almaty arena” мұз сарайында “ALMATY TECH CUP-2022” VII ашық
“Almaty arena” мұз сарайында “ALMATY TECH CUP-2022” VII ашық чемпионаты өтті. Алматы қаласы әкімінің кубогына робототехника және инновациялық технологиялар бойынша 174 мектеп-гимназияның 10-11 сынып оқушылары көрермен ретінде қатысып, бағдарламалық ойындарға қатысып, сыйлықтар ұтып алды. Қатысып, белсенділік танытқандары үшін арнайы сертификаттармен марапатталды. @akimat_nauryzbai_audany @otdel_obrazovaniya_nauryzbay @edu.almaty #174мектепгимназия 
БАЛАЛАРДЫҢ ҚЫСҚЫ КЕЗДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ
20
декабрь
2022
БАЛАЛАРДЫҢ ҚЫСҚЫ КЕЗДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ
[media=https://www.instagram.com/reel/CmbOohEPqw3/?utm_source=ig_web_copy_link] БАЛАЛАРДЫҢ ҚЫСҚЫ КЕЗДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ • Баланы қалың киіндірмеңіз! Жеңіл де киіндірмеңіз! Киімнің қимылдауға кедергі келтірмеуі, ыңғайлы, жеңіл және жылы болуы тиіс. • Қысқы аяқ киім ыңғайлы болуы, оның табаны таймауы қажет, сол кезде бала қар мен мұздың үстінде аз сырғанайтын болады. Бала қолғаптарын жоғалтпауы үшін оларға резеңке тағып қойыңыз. • Барлық мүмкін болатын қауіпті жағдайлардың алдын алыңыз.
Өзін-өзі басқару ұйымының бастамасымен мектеп министрлері "Қуаныш сыйла" челленджын бастады.
19
декабрь
2022
Өзін-өзі басқару ұйымының бастамасымен мектеп министрлері "Қуаныш
[media=https://www.instagram.com/reel/CmbMjOQvRFk/?utm_source=ig_web_copy_link] Өзін-өзі басқару ұйымының бастамасымен мектеп министрлері "Қуаныш сыйла" челленджын бастады. Челлендж мақсаты: Балалардың бойында бір-біріне деген сыйластық, мейірімділік, адамгершілік, қамқорлық жасау және қолдау көрсету дағдыларын қалыптастыру. Мектеп оқушылары қоғамдық орындарда адамдарға кішігірім сыйлықтарын сыйлады. Челленжды "Еріктілер" клубына жолдаймыз! @otdel_obrazovaniya_nauryzbay @akimat_nauryzbai_audany
Ағымдағы жылдың 15 желтоқсанында Өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен "Жас жайдарманшылар" іріктеу турнирі өткізілді.
15
декабрь
2022
Ағымдағы жылдың 15 желтоқсанында Өзін-өзі басқару ұйымының
[media=https://www.instagram.com/reel/CmbrwmSOC0Q/?utm_source=ig_web_copy_link] Ағымдағы жылдың 15 желтоқсанында Өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен "Жас жайдарманшылар" іріктеу турнирі өткізілді. Іріктеуге 4 команда қатысты. Өзінің тапқырлығымен, импровизациялық қабілеттерімен көзге түскен оқушыларды №174 мектеп-гимназияның құрама командасының мүшесі болуға шақырылды. Клуб жетекшісі: Білім министрлері Өмірхан Айым және Қожахмет Ақниет. Әзілкештер клубының ашылуымен құттықтай отыра,
№174 мектеп-гимназияда бірыңғай 5-сынып оқушыларын "Жас Ұлан" бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиыны өтілді.
12
декабрь
2022
№174 мектеп-гимназияда бірыңғай 5-сынып оқушыларын "Жас Ұлан"
Алматы қаласы, Наурызбай ауданы №174 мектеп-гимназияда бірыңғай 5-сынып оқушыларын "Жас Ұлан" бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиыны өтілді. Аталған іс-шараның мақсаты: Өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікке тәрбиелеу. @edu.almaty @akimat_nauryzbai_audany @otdel_obrazovaniya_nauryzbay #174мектепгимназия