Дұрыс тамақтануды насихаттау » 174 гимназия
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№174 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)351-26-14
Есепші бөлімі:
+7(727)399-51-19
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Дұрыс тамақтануды насихаттау
Ас мәзіріндегі тағамдардың пайдасы
17
май
2022
Ас мәзіріндегі тағамдардың пайдасы
Алманың құрамында С, В1, В2, Р, Е дәрумендері мен марганец, калий, кальций, фосфор, натрий, молибден, мырыш, барий микроэлементтері бар. Алмадағы темір қан айналым жүйесіне өте қажет. Сондай-ақ онда жасұнықтың өте көп бөлігі бар. Алма бауыр, бүйрек, асқазан, ішек жолдарының жұмыстарын жақсартады. Бет терісінің түсін жақсартып, жас әрі күтімді етіп көрсетеді. Холестерин мөлшерін азайтып, іш қатудың алдын алады, диареяны емдеп, иммундық жүйені нығайтады.
Ас мәзіріндегі тағамдардың пайдасы
16
май
2022
Ас мәзіріндегі тағамдардың пайдасы
Қарақұмық бауыр мен ішекке өте пайдалы және холестериннің деңгейін азайтады. Жарма күйзеліске, құрсақ қуысының сырқаттарына қарсы тұруға көмектеседі. Оған қоса, қарақұмық асқазанға тез сіңіп кете қоймайтындықтан, ұзақ уақыт бойы қарын аштырмайды.
Ас мәзіріндегі тағамдардың пайдасы
13
май
2022
Ас мәзіріндегі тағамдардың пайдасы
А — адам ағзасының дамуына әсер етіп, түрлі ауруларға қарсы тұру қабілетін және көз қырағылығын арттырады. Д — сүйек ұлпасының мықты болуына әсер етеді. Жас балаларды мешел ауруларынан сақтайды. В1 — адам ағзасына күш-қуат береді, жүйке-жүйесінің дұрыс қалыптасуын және ас қорыту процесін жақсартады. В2 — ағзаның бірқалыпты өсуіне қажет дәрумен, көздің жақсы көру  қабілетін сақтайды. В6 — баланың бойы өсуіне әсер етеді, қан мөлшерін реттейді. В12 — қанның пайда болу процесіне қатысады, анемия
Ас мәзіріндегі тағамдардың пайдасы
12
май
2022
Ас мәзіріндегі тағамдардың пайдасы
Сәбіз құрамындағы А дәрумені адамның бойын өсіреді, көру қабілеті мен теріні жақсартуға ықпал етеді. Бұл дәрумен жұмыртқа, бауыр және сүт өнімдерінде кездеседі. Сондықтан да, сәбізді осы тағамдармен бірге пайдаланса болады. Сәбізді қаймақпен араластырып пайдаланса, оның құрамындағы каротиннің едәуір бөлшегін адам ағзасы өзіне оңай сіңіре алады.
Ас мәзіріндегі тағамдардың пайдасы
11
май
2022
Ас мәзіріндегі тағамдардың пайдасы
Сүзбенің құрамы кальцийге өте бай әрі калий, фосфор, магний, темір бар. Ал дәрумендерден А, В, С, Н, РР, Е кездеседі. Сол себепті сүзбе түрлі аурумен ауыратын адамдарға тұтыну керек өнімдердің бірі. Мәселен, жүрек қан-тамыр мен жүйке жүйесінің ауруларында, жоғары тыныс жолдары қабынғанда, бауыр мен бүйрек ауырғанда сүзбені өз мәзіріңізге қосыңыз. Сонымен қатар қант диабеті мен қан қысымы артқанда да пайдаланған тиімді. Алайда шамадан тыс тұтынбаған жөн. Күніне 300 гр сүзбеден 3 рет жесеңіз ғана