9-мамыр Жеңіс күні құтты болсын! » 174 гимназия
Алматы қаласы
Управления образованияның
"№174 мектеп-гимназия"
акимата города Усть-Каменогорска
Приемная
+7(727)351-26-14
Бухгалтерия
+7(727)399-51-19
Версия для
слабовидящих
» » 9-мамыр Жеңіс күні құтты болсын!
09
май
2022

9-мамыр Жеңіс күні құтты болсын!

[media=https://www.instagram.com/tv/CdUsubxIeLp/?utm_source=ig_web_copy_link]
9 мамыр! Бұл күн - қан майданда парыз бен намысты алға қойған, елі мен жерінің бостандығы үшін жан аямай, қараниет жауға төтеп берген, табанды да қайсар мінезді жауынгерлеріміздің және тылда тынымсыз еңбек еткен ағаларымыз бен апаларымыздың ерен ерлігінің, биік рухының мерекесі. Осынау қуаныш үшін өмірлерін қиған боздақтарды еске алу күні... Үйіне, отбасына, ата-анасына оралмаған аталарымыз бен ағаларымызды, әпкелерімізді сарыла күткен сағыныш күні...

Бүгінгі ұрпақ аға буын-ардагерлер танытқан қаһармандық пен қайсарлықтан үлгі алып, бой түзейді. Осынау ерлікке толы күн тарихымыздың мәңгілік ұмытылмас парағы болып қала бермек. Қадірлі соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері, қазақстандықтар, сіздерді мектеп-гимназиямыздың 2"А" сынып оқушылары Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтай отырып, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, бейбіт өмір, отбасыларыңызға бақ-береке тілейді!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: