01
сентябрь
2024
«Мектебім - мейірім мекенім» тақырыбында алғашқы қоңырау салтанатты кеші өтті.
Алматы қаласы Наурызбай ауданы 174 мектеп-гимназияда «Мектебім - мейірім мекенім» тақырыбында алғашқы қоңырау салтанатты кеші өтті. Салтанатты жиынның алғы сөзін мектеп-гимназия директоры Арнагуль Мусразовна алды. Мектеп -гимназия директоры барлық оқушыны жаңа оқу жылына қадам басқандары үшін құттықтау сөз сөйледі және мектеп табалдырығын енді аттағалы тұрған бүлдіршіндерге өмірдің жаңа белесіне шыққандарымен құттықтады.