2020 жылдың 30 қазан күні Алматы қаласы Наурызбай ауданы №174 мектеп - гимназиясында «АДАЛ ҰРПАҚ» еріктілер клубының мүшелігіне оқушылар қабылданды. » 174 гимназия
Алматы қаласы
Управления образованияның
"№174 мектеп-гимназия"
акимата города Усть-Каменогорска
Приемная
+7(727)351-26-14
Бухгалтерия
+7(727)399-51-19
Версия для
слабовидящих
» » 2020 жылдың 30 қазан күні Алматы қаласы Наурызбай ауданы №174 мектеп - гимназиясында «АДАЛ ҰРПАҚ» еріктілер клубының мүшелігіне оқушылар қабылданды.
30
октябрь
2020

2020 жылдың 30 қазан күні Алматы қаласы Наурызбай ауданы №174 мектеп - гимназиясында «АДАЛ ҰРПАҚ» еріктілер клубының мүшелігіне оқушылар қабылданды.

2020 жылдың 30 қазан күні Алматы қаласы Наурызбай ауданы №174 мектеп - гимназиясында «АДАЛ ҰРПАҚ» еріктілер клубының мүшелігіне оқушылар қабылданды. Онлайн форматта өткізілген іс-шара Республикалық «Sanaly urpaq» жобалық кеңсесінің жетекшісі Қайыржан Ахметбекұлы Токушевтың қатысуымен өтті. Кездесу барысында мектебіміздің басшысы Маликова Арнагуль Мусразовна клубтың жаңа мүшелеріне құттықтау тілектерін айта отырып, алға қойған жұмысты жоспарлы, жүйелі жүргізуге шақырды. «Адал ұрпақ» клубына мүшелікке қабылданатын оқушылар өздерін таныстырып, ант қабылдап, клубқа ресми түрде мүшелікке қабылданды.
Қ.А.Токушев «Адал ұрпақ» клубына мүше болған оқушыларды құттықтап, атқарылатын іс-шараларды тізбектеп көрсетіп, нақты ұсыныстар енгізді. Парасаттылық мектебі арқылы адами құндылықтарды оқушылардың санасына сіңіру керектігін айтып, осы мақсатта «Sanaly urpaq» жобасының аясында дайындалған әдістемелік нұсқауларды түсіндірді.
Ұрпақ - ғұмыр жалғасы, тіршілік көзі. Қай халық болсын, үмітін ең алдымен ұрпағынан күтеді. Бүгінгі біз тәрбиелеген ұрпақ, ертеңгі жарқын елдің адал тұлғалары.

#174мектепгимназия
#акиматнаурызбай
 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: