Мектебіміздің жас мамандарымен таныс болыңыздар!
Мектебіміздің жас мамандарымен таныс болыңыздар! ✨📚 Біздің ұжымға жаңа серпін, жаңа идеялар, жаңашыл көзқарас алып келген жас ұстаздар – мектеп өмірінің ажырамас бөлігі. Олар білімге құштар, өз ісіне жауапты, оқушыларға шабыт сыйлайтын шығармашыл тұлғалар. Жас мамандарымыз күн сайын өздерін дамытып, үздік тәжірибелерді меңгеріп, сабақ үдерісіне заманауи әдіс-тәсілдерді енгізіп келеді. Мұғалім болу – үлкен жауапкершілік, ал олардың ынтасы мен еңбекқорлығы осы жолды шынайы таңдағанын көрсетеді.