22
ноябрь
2024
Демеу Жадыраевпен кездесу өтті



Бүгін №174 мектеп-гимназияда ерекше патриоттық кеш өтті. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Париж қаласында өткен жазғы олимпиада ойындарында 77 келіге дейінгі салмақта күміс жүлде иегері талантты спортшы Демеу Жадыраев оқушылармен жүздесті.
Кездесу барысында Демеу Жадыраев өзінің спорттық жолындағы жетістіктері, жеңістер мен қиындықтары туралы әсерлі әңгіме айтып, оқушыларға мотивация берді. Ол табандылық, еңбекқорлық және тәртіптің маңыздылығын атап өтті.
Кездесу соңында оқушылар өз сұрақтарын қойып, спортшыдан шабыт алды. Бұл шара жас ұрпаққа спортқа, салауатты өмір салтына қызығушылық танытуға үлкен ықпал етті.
Осындай танымдық кездесулер біздің мектепте әлі де жалғасады. Жаңа жеңістер мен шабытты сәттерді бірге бөлісейік!
Сонымен қатар, шара барысында Еуразия Бірінші арнасының «Қайырлы таң, Қазақстан!» таңғы эфирінен журналистер келіп, түсірілім жасады.