Алматы қаласы Білім басқармасының
"№174 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)351-26-14
Есепші бөлімі:
+7(727)399-51-19
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Мағжан оқулары» ғылыми-шығармашылық байқауының аудандық кезеңі өтті.
03
февраль
2025

«Мағжан оқулары» ғылыми-шығармашылық байқауының аудандық кезеңі өтті.

3 ақпан күні Наурызбай ауданындағы №174 мектеп-гимназияда
«Мағжан оқулары» ғылыми-шығармашылық байқауының аудандық кезеңі өтті. Байқауға ауданымыздан 30 оқушы қатысты. «Мағжан оқулары» ғылыми-шығармашылық байқауы 3 кезеңнен тұрды.
І бағыт «Өлең – менің Шолпаным, Айым, Күнім» - Мағжан өлеңдерін жатқа оқу номинациясы. Бұл номинацияда оқушы жатқа білетін Мағжан шығармаларын мәнерлеп оқыды. 
ІІ бағыт «Жасынан оқу оқып, өнер қуған...» - ғылыми жоба жұмысы. Мағжан Жұмабаевтың шығармалары бойынша зерттеу жұмыстарын қорғады.
ІІІ бағыт «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» - жас дарындар номинациясы. Оқушылардың өз шығармалары бағаланды. 
Мағжан оқуларының негізгі мақсаты – қазақ халқының әдеби мұраларын дәріптеу, мектеп оқушыларының классикалық әдебиеттерді оқуға деген қызығушылықтарын арттыру. 
Байқауға қатысқан барлық оқушылар, І, ІІ, ІІІ орындармен және де байқауға белсене қатысқандары үшін сертификаттармен марапатталды.
«Өлең – менің Шолпаным, Айым, Күнім»бағыты бойынша
🥇Берікұлы Мақсат - №206 мектеп-гимназия
«Жасынан оқу оқып, өнер қуған...» бағыты бойынша
🥇Қаутай Қалина - №174 мектеп-гимназия
«Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» бағыты бойынша
🥇Мұхитұлы Алаш - №206 мектеп-гимназия
І орын алған оқушылар қалалық кезеңге жолдама алды. Сәттілік тілейміз.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: