19
март
2025
Наурызнама онкүндігі аясында Наурыз мерекесін ерекше түрде қарсы алды.
174 мектеп-гимназия мұғалімдері Наурызнама онкүндігі аясында Наурыз мерекесін ерекше түрде қарсы алды. Олар күй күбірлетіп, домбыраның сазды әуендерімен салтанат құрды. Ұстаздарымыздың қолынан домбыраның қанық үні қалықтап, әрбір шерткен пернесі мерекенің мән-маңызын аша түсті. Мұғалімдердің осы өнерлі сәттері Наурыздың қадір-қасиетін, ұлттық дәстүр мен мәдениетті дәріптеуге деген ыстық ықыластарын көрсетіп, жүректерде жайдары көңіл күй сыйлады.