24
апрель
2025
АЛМАТЫНЫҢ ЖАС ЖАЗУШЫСЫ - 2025
АЛМАТЫНЫҢ ЖАС ЖАЗУШЫСЫ - 2025Күні кеше Қазақстан Жазушылар Одағында қалалық «Алматының жас жазушысы» байқауы қорытындыланды. Бұл байқауға 173 қатысушы қатысқан, ол топтан суырылып шыққан 20 үздік жас жазушы жеңіс тұғырынан көрінді. Қуанышымызға орай, мектебіміздің мақтанышы, 10-сынып оқушысы, мектеп президенті Әбдірахман Қайрат жүлделі 3-орынға ие болды. Сапарғали Бегалиннің 130 жылдығына орай «Өркен» ҚҚ, Алматы кітапханалар желісі және Қазақстан Жазушылар Одағының ұйымдастыруымен өткен бұл байқау жас шығармашыл жандарға шабыт сыйлағаны сөзсіз. Әбдірахман сыйлыққа 7 кітап және Қазақстан Жазушылар Одағының қаламсабын алды! Ұйымдастырушыларға алғыс білдіру мақсатында Әбдірахман үлкен сахнада сөз алып, толқынысын жеткізген. Себебі, дәл сол сахнада 20 жыл бұрын атасы ақын, журналист Қайрат Әлімбек шығармашылық кешін берген көрінеді. Атасының жолын қуған жас жазушымызды құттықтаймыз!