05
май
2025
№174 мектеп-гимназиясында мектеп парламенті оқушыларының ұйымдастыруымен қайырымдылық жәрмеңкесі өтті.

№174 мектеп-гимназиясында мектеп парламенті оқушыларының ұйымдастыруымен қайырымдылық жәрмеңкесі өтті. Іс-шараға мектептің түрлі сынып оқушылары белсенді қатысып, өз қолдарымен жасаған тағамдар мен бұйымдарды ұсынды. Жәрмеңкенің басты мақсаты – мектеп өміріне үлес қосу және оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыру болды. Шара барысында жиналған қаржы мектептің басылымы — «Мектеп дауысы» газетінің алдағы үш нөмірін шығару үшін жұмсалмақ. Бұл бастама оқушылардың медиа саласына қызығушылығын арттырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға септігін тигізеді.