01
сентябрь
2025
Білім күніне арналған салтанатты “Алғашқы қоңырау” іс-шарасы өтті
2025 жылғы 1 қыркүйек күні 174 мектеп-гимназиясында дәстүрлі Білім күніне арналған салтанатты “Алғашқы қоңырау” іс-шарасы өтті. Мектеп ауласы бұл күні ерекше сәнге бөленіп, білім ордасының есігін алғаш аттаған бүлдіршіндер мен жаңа оқу жылын асыға күткен оқушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнімен ашылып, мектеп директоры құттықтау сөз сөйледі. Ол барлық оқушыларды, ата-аналарды және ұстаздарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, табысты жыл, жарқын жетістіктер мен биік белестер тіледі.
Салтанатты жиын барысында оқу озаттары мен мектеп мақтаныштары марапатталды. Сондай-ақ, бірінші сыныпқа қадам басқан бүлдіршіндерге жоғары сынып оқушылары жылы лебіздерін білдіріп, алғашқы қоңырау соғылды. Бұл сәт — олардың өміріндегі жаңа, қызықты және жауапты кезеңнің басталғанын білдірді.
Мерекелік шара концерттік бағдарламамен жалғасты. Оқушылар патриоттық әндер шырқап, көркем сөз оқып, мың бұрала билеп, қонақтарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Бұл күн — әрбір оқушының жүрегінде ерекше орын алатын, ұстаз бен шәкірттің қауышар, білімге бастар жарқын сәттердің бірі болды. Жаңа оқу жылы барша оқушылар мен ұстаздарға жемісті, сәтті болсын!