Алматы қаласы Білім басқармасының
"№174 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)351-26-14
Есепші бөлімі:
+7(727)399-51-19
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Хабарландыру!Бос жұмыс орындары
05
сентябрь
2025

Хабарландыру!Бос жұмыс орындары

ХАБАРЛАНДЫРУ!

Алматы қаласы Наурызбай ауданы «№174 мектеп-гимназия» КММ бос жұмыс орындарына байқау өтетіндігі туралы хабарлайды!
 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагог қызметкерлерін лауазымға тағайындау, қызметтен босату қағидаларына сәйкес, Алматы қаласы Білім басқармасының «№174 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2025 жылғы 
05-19 қыркүйек аралығында мына қызметтер бойынша бос орындарға конкурс өткізеді:

  1. Орыс тілі пәнінің мұғалімі – 1 тұрақты орын

Конкурс педагог қызметкерлердің бос орнына жұмысқа қабылданудан үміткерлердің кәсіби деңгейін, олардың лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін бағалау мақсатында өткізіледі.
 Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде «№174 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне келесі құжаттарды тапсыру керек:

  • Сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік;
  • Педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;
  • Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білім туралы құжаттардың көшірмелері;
  • Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
  • Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
  • Қоса беріліп отырған құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  • Наркологиялық ұйымнан анықтама;
  • Жеке басты куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
  • Білімге, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейге қатысты қосымша ақпарат (біліктілікті арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік Жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар).;
  • Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы және байланыс телефондары көрсетілген);
  • Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген)

Жоғарыда көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.
 Құжаттар 2025 жылғы 0
5 қыркүйектен басталып, 2025 жылғы 19 қыркүйек күні аяқталады.
 
 Байланыс телефоны.: 8 (727)-351-26-14

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: