26
декабрь
2025
Мектеп пен ата-аналар ынтымақтастығы – табысты тәрбиенің кілті
🫂Мектеп пен ата-аналар ынтымақтастығы – табысты тәрбиенің кілті
Мектебімізде 4 «В» сынып оқушылары мен ата-аналары арасында *«Ата-анам және мектеп»* жобасы жыл басынан бері жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Қыркүйек айынан бастап бекітілген жылдық жоспарға сәйкес түрлі іс-шаралар өткізіліп, оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, ата-аналардың мектеп өміріне белсенді қатысуына мүмкіндік жасалды.
Желтоқсан айында жоспар бойынша «Жоспарлау – менің өмірімнің картасы» атты 21 күндік челлендж ұйымдастырылды. Бұл кезеңде оқушылар күн сайын таңғы 4 минуттық жаттығу жасап, кешке 6 минут кітап оқып, ортақ чатқа нәтижелерін жіберіп отырды. Бұл челлендж – оқушылардың ерік-жігерін, тәртіптілігін, жауапкершілігін шыңдаған, тартысты да қызықты кезең болды.
Ата-аналардың қолдауы мен белсенділігі, оқушылардың табандылығы бұл жобаның сәтті өтуіне негіз болды.
https://www.instagram.com/p/DSsI523DPdn/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==