Алматы қаласы Білім басқармасының
"№174 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)351-26-14
Есепші бөлімі:
+7(727)399-51-19
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ЕРЛІК ПЕН ПАТРИОТИЗМ ФОРУМЫ
14
январь
2026

ЕРЛІК ПЕН ПАТРИОТИЗМ ФОРУМЫ

ЕРЛІК ПЕН ПАТРИОТИЗМ ФОРУМЫ

Алматы қаласы Білім басқармасының қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы ұйымдастырған Ә.Т. Бейсенбаевтың «Ерлік – тәрбие жемісі» атты курсы аясында Ауған соғысының ардагерлерінің қатысуымен форум өтті.

Форумның мақсаты – ерлік, патриотизм, азаматтық борыш, елге адал қызмет ету құндылықтарын дәріптеу, сондай-ақ басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысушылардың ерліктерін үлгі ете отырып, жас ұрпақтың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру.

🎖 Форумға қатысқан Ауған соғысының ардагерлері:
• Абдыхалықов Қайыржан Саясатұлы
• Хабдулданов Ильяс Момынұлы
• Абдушкуров Мурат Мұхтарович
• Темешов Абзал
• Бейсенбаев Әуез Тұлмұханұлы

Іс-шара барысында тағылымды әңгімелер айтылып, сұрақ-жауап сессиясы ұйымдастырылды.
https://www.instagram.com/reel/DTfQNRfDIIX/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==​​​

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: