Алматы қаласы Білім басқармасының
"№174 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)351-26-14
Есепші бөлімі:
+7(727)399-51-19
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ас мәзіріндегі тағамдар
15
январь
2026

Ас мәзіріндегі тағамдар

ТІЛІМ МЕНІҢ - ТІРЛІГІМНІҢ АЙҒАҒЫ

№174 мектеп-гимназия базасында белгілі профессор Н.Оразақынованың «Сатылай кешенді оқыту технологиясы» негізінде қалалық ауызша олимпиада өтті. Аталған білім додасына 1 мен 6-сынып аралығындағы оқушылар қатысып, қазақ тілінен алған білімдерін ауызша түрде саралап, ойлау қабілеті мен тіл мәдениетін сынады.

Бұл олимпиаданың басты ерекшелігі —
оқушының дайын ережені жаттауы емес,
тілдік ұғымдарды жүйелі, сатылай талдап, өз ойын дәл әрі сауатты жеткізе білуі.

Сатылай кешенді оқыту технологиясы
баланың логикалық ойлауын дамытып, ана тілінің табиғатын терең тануға жол ашады. Іс-шараға тәжірибелі ұстаздар, ата-аналар мен қонақтар қатысып, қазақ тілінің ұлт болашағындағы орнына ерекше мән берді. Олимпиада барысында қазылар алқасы оқушылардың білім деңгейін, сөйлеу мәдениетін және талдау қабілетін бағалады.

Шара аясында рухты әндер шырқалып, ана тілге деген құрмет пен рухани құндылықтар насихатталды.

Айта кетейік, «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы бүгінде 30 жылдан астам уақыт бойы білім беру саласында жүйелі қолданылып келеді және ұлттық білімнің берік негізі саналады.

Әбдірахман Қайрат
Ғайникамал Мұрат
Сезім Марат

https://www.instagram.com/reel/DTpqzmQjNXt/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==​​​ 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: