Алматы қаласы Білім басқармасының
"№174 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)351-26-14
Есепші бөлімі:
+7(727)399-51-19
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Бос лауазымға тағайындау Конкурсы Хабарландыру
02
декабрь
2025

Бос лауазымға тағайындау Конкурсы Хабарландыру

Бос лауазымға тағайындау КОНКУРСЫ

Хабарландыру

Алматы қаласы Білім басқармасының «№174 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (заңды мекенжайы: Алматы қ., Наурызбай ауданы Шұғыла 339 ) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 

31 наурыздағы №96 бірлескен бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын мен педагог қызметкерлерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 100, 101, 102, 112-тармақтарына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 бұйрығымен бекітілген Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларының 3-тарауының 63-тармағына, 7-тарауындағы 66, 67- тармақтарына 

(2025 жылғы 30 сәуірге дейінгі өзгеріс, толықтырумен), Қағидалардың 

113-тармағына сәйкес қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес 

2025 жылғы «03» желтоқсан мен 2025 жылғы «12»  аралығында мына бос лауазымдарға конкурс өткізеді:

Бос лауазымдар:

  1. Орыс тілі пәнінің мұғалімі – 1 тұрақты бос орын 
  2. Бастауыш сынып мұғалімі -2 тұрақты бос орын

Қағидалардың 113-тармағы негізінде

Бос лауазымдарға тағайындау конкурсына қатысуға ниет білдірген адам жарияланған бос орынға орналасу ниетін 2025 жылғы «03» желтоқсан мен 2025 жылғы «12» желтоқсанға дейін келесі құжаттарды қағаз түрінде (мектеп-гимназияның қабылдау бөліміне) және электронды түрде ұсынады:

  1. осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  2. жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
  3. кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефоны көрсетілген – бар болса);
  4. Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
  5. еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
  6. "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркелімінде №21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
  7. соттылығының жоқтығы туралы және педагогтің немесе балалармен жұмыс істеуге байланысты қызметті жүзеге асыратын адамның психикалық бұзылушылықтары бар адам динамикалық бақылауда тұрмағаны туралы анықтама;
  8. педагогтер үшін – педагогтің кәсіби біліктілігін бағалау немесе тәуелсіз аккредиттелген ұйымдардың шешімі бойынша біліктілік санатының болуы (бар болса);
  9. шет тілі пәндері педагогы лауазымына орналасуға кандидаттар үшін полиглот және/немесе халықаралық шет тілі сертификаттарының болуы туралы мәлімет (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge Assessment), DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS - academic) - 5.5 балл; немесе TOEFL (Internet based Test (iBT)) – 60-65 баллдан төмен емес сертификат.
  10. осы Қағидаларға 12, 13-қосымшаларға сәйкес толтырылған біліктілік талаптарына бос немесе уақытша бос лауазымға үміткерді бағалау парағы;
  11. жұмыс орнынан (педагог лауазымына үміткер үшін), оқу орнынан ұсыным хат.

Қағидалардың 114-тармағы негізінде кандидат өз біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты келесі қосымша ақпаратты ұсына алады (болған жағдайда):

  • біліктілікті арттыру туралы құжаттардың көшірмелері;
  • ғылыми/академиялық дәрежелері мен атақтары туралы;
  • ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдары;
  • біліктілік санаттары туралы.

Қағидалардың 116-тармағы негізінде Қағидалардың 113-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болады.

121-тармаққа сәйкес.Конкурстық комиссия шешім қабылдағаннан кейін шешім қабылдау үшін үміткерлерге 24 (жиырма төрт) сағат беріледі.

Егер конкурс жеңімпазы шешім қабылдамаса, тағайындау бағалау бойынша ең жоғары балл жинаған конкурсанттың келесі қатысушысына ұсынылады.

Құжаттарды ұсыну:
 Қағаз түрінде: дүйсенбі-жұма сағат 0
9.00-17.00 (түскі үзіліс 13.00 - 14.00) (Қабылдау бөлмесі 101 )
 Мекенжайы: Алматы қ., 
Наурызбай ауданы Шұғыла 339  «№174 мектеп-гимназия» КММ

Құжаттарды қабылдау басталады:
 «
03» желтоқсан мен 2025 жылғы «12» желтоқсанға дейін

Конкурс ҚОРЫТЫНДЫСЫ төмендегі мектеп-гимназия сайтында жарияланатын болады: Mektep174_
 

Ақпарат үшін:
 тел.:
 8(727)3512614










Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: