Алматы қаласы Білім басқармасының
"№174 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)351-26-14
Есепші бөлімі:
+7(727)399-51-19
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » №174 мектеп-гимназия» КММ Конкурстық комиссиясының №5 хаттамасы
12
декабрь
2025

№174 мектеп-гимназия» КММ Конкурстық комиссиясының №5 хаттамасы

№174 мектеп-гимназия» КММ Конкурстық комиссиясының 

5  хаттамасы




Алматы қаласы                                                                      12 желтоқсан 2025 ж. 


Қатысқандар: 

Конкурстық комиссия төрағасы:

Молдабекова Кулайхан Абдрахмановна, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары;

Конкурстық комиссия мүшелері:

Досжанова Асель Бердалиевна, қамқоршылық кеңесінің мүшесі;

Бралина Назия Ғалымқызы, Наурызбай ауданы Білім бөлімнің әдіскері;

Шолпанбекова Гулнар Сейсенбековна, директордың бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары;

Калдыкенова Бактыгуль Кожахметовна, кәсіподақ төрайымы;

Жумабекова Айдана Мақсутханқызы, информатика пәні мұғалімі;

Мырзаханова Нурия Мейрбекқызы, педагог-психолог;


Конкурстық комиссия хатшысы: Рысбек М



Қатысқаны: 

Қатыспағаны: жоқ


Күн тәртібі:

  1. Бастауыш сынып мұғалімі -2  тұрақты бос орын

Тыңдалды: 

Конкурстық комиссия төрағасы – мектеп-гимназия директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Молдабекова Кулайхан Абдрахмановна:

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы  №57 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагог қызметкерлерін лауазымға тағайындау, қызметтен босату қағидаларына сәйкес 2025 жылдың 02 желтоқсан мен 12 желтоқсан аралығында Алматы қаласы Білім басқармасының «№174 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жоғарыда аталған пән мұғалімдеріне бос лауазымдарына орналасуға конкурс жарияланды. Конкурсқа қабылданған құжаттарды қарау 02  желтоқсан мен  12 желтоқсан күндеріне белгіленген.

Құрметті комиссия мүшелері, педагог кадрлардың бос лауазымына орналасуға үміткерлердің кәсіби деңгейін конкурсқа қатысуға үміткерлерден келіп түскен құжаттар негізінде, олардың тиісті лауазымға белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін бағалау үшін мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарының бiрiншi басшылары мен педагог қызметкерлерiн лауазымдарға тағайындау, қызметтен босату қағидаларының 11-қосымшасына сәйкес конкурсқа ұсынылған құжаттарды қарау және конкурс комиссиясының мүшелерiн бағалауды өзiн-өзi бағалауды ескере отырып жүргiзсiн.

Байқау туралы хабарландыру ақпараттық-коммуникациялық жүйеде, №174 мектеп-гимназияның http://174.alschool.kz  ресми сайтында және https://www.enbek.kz порталында орналастырылған. 

Комиссия мүшелері мұғалімнің бос лауазымдарға ұсынылған өтініштерді толықтай қарап, баллдық жүйенің сәйкестігі бойынша пән мұғалімдерін іріктеуден өткізіп, екінші кезеңге жолдады. 


Бос  лауазымға орналасуға конкурсқа қатысуға 2  (екі) 3 (үш) өтініш келіп түсті:


Педагогтардың аты-жөні

Ұпайы

Ескерту

1

Жандос Гулшат Мухитқызы 

7

Іріктеу нәтижелері бойынша жинаған ұпай белгіленген талаптарға сәйкес келмейді.

2

Жамалханова Әлия Жеңісқызы 

14

Іріктеуден өтті

3

Сахиева Шынжан 

11

Іріктеуден өтті

Кандидаттарды талқылау: 
      Комиссия мүшелері талқылады / назар аударды / көрсетті.
Молдабекова Кулайхан Абдрахмановна – өз пікірін білдірді: №57 бұйрыққа сәйкес құжаттар талапқа сай жинақталған, өтініш берушілердің құжаттарын комиссия мүшелері әрқайсысы бағалау жүргізді.  Конкурсты комиссия мүшелері өз дәрежесінде өткізді деп есептеймін.  

Досжанова Асель Бердалиевна – өз пікірінде: конкурс өз дәрежесінде ашық, жариялы түрде талапқа сай ұйымдастырылғанын айтты.  


Шешімі: 

      Комиссияның жұмыс атқару барысыныда (hr-nobd.edu.kz) порталында техникалық ахаулардың орын алуына байланысты комиссия құрамы дәлелдерді келтіре отырып акт жасады. Ал комиссия жұмысының қорытындысы осы хаттамаға  енгізіліп,  конкурс нәтижесінен жоғары балл жинаған төмендегі үміткер педагогтер жұмысқа қабылдансын. 


Бастауыш сынып мұғалімі - Жамалханова Әлия Жеңісқызы, Сахиева Шынжан


Дауыс берді:
"келісемін"               7 (жеті)
«қарсы»                      жоқ
«қалыс қалды»           жоқ

Конкурстық комиссия 

төрайымы                                        ___________  Молдабекова К.А 


Конкурстық комиссия 

мүшелері                                        ___________ Досжанова А.Б

                                                        ___________  Бралина Н.Ғ

                                                        ___________  Шолпанбекова Г.С

                                                        ___________ Калдыкенова Б.К

                                                        ___________ Жумабекова A.M

___________ Мырзаханова Н.М.



Конкурстық комиссия хатшысы________________ Рысбек М

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: