Алматы қаласы Білім басқармасының
"№174 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)351-26-14
Есепші бөлімі:
+7(727)399-51-19
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
08
январь
2026

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

Алматы қаласы Наурызбай ауданы «№174 мектеп-гимназия» КММ бос жұмыс орындарына байқау өтетіндігі туралы хабарлайды!
 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагог қызметкерлерін лауазымға тағайындау, қызметтен босату қағидаларына сәйкес, Алматы қаласы Білім басқармасының «№174 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 202
6 жылғы 08-15 қаңтар  аралығында мына қызметтер бойынша бос орындарға конкурс өткізеді:

  1. Бастауыш сынып мұғалімі – 1 тұрақты бос орын
  2. Педагог-ассистент – 1 бірлік 

Конкурс педагог қызметкерлердің бос орнына жұмысқа қабылданудан үміткерлердің кәсіби деңгейін, олардың лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін бағалау мақсатында өткізіледі.
 Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде «№174 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне келесі құжаттарды тапсыру керек:
 
 

  • Сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік;
  • Педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;
  • Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білім туралы құжаттардың көшірмелері;
  • Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
  • Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
  • Қоса беріліп отырған құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  • Наркологиялық ұйымнан анықтама;
  • Жеке басты куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
  • Білімге, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейге қатысты қосымша ақпарат (біліктілікті арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік Жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар).;
  • Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы және байланыс телефондары көрсетілген);
  • Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген)

Жоғарыда көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.
 Құжаттар 202
6 жылғы 08 қаңтардан басталып, 2026 жылғы  15 қаңтар  күні аяқталады.
 
 Байланыс телефоны.: 8 (727)-351-26-14


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: