Алматыда 1 сыныпқа құжат қабылдау 1 сәуірде басталды
Алматыда бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау 1 сәуірде басталды. Жалпы төрт айда қала бойынша 25 009 өтініш түсті. Өтінім 1 тамызға дейін қабылданады. Үлгілік қағидаға сәйкес, 1-сыныпқа қабылдау бойынша мемлекеттік қызмет көрсету электрондық форматта «Электрондық үкіметтің» egov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Даярлық деңгейіне қарамастан, мектепке маңында (шағын учаскеде) тұратын барлық бала қабылданады. Әрі балаларды мектепке өздерінің шағын аумағы бойынша ғана емес, бос орындар