Ас мәзіріндегі тағамдардың пайдасы
Қызылшаның құрамында көмірсулар, жасұнық, калий, фосфор, кальций, магний,темір, мырыш, А дәрумендерінің негізі, С, В1, В6,РР, Е дәрумендері, фолий қышқылы бар. Жинап алған бойда пісірген қызылшаның емдік қасиеті бар. Ол жасы ұлғайған, гипертониямен және бауыры ауыратын, іші қатқан адамдарға пайдалы. Қызылша көп қайнатуды қажет етеді. (2—3 сағат), оны тез пісіру үшін 1 сағат қайнатылған оттан алып, суын төгеді де, 10 минут үстіне суық су ағызып қояды.