25
ноябрь
2021
№174 мектеп-гимназиясында қараша айында «Қыз өссе елдің көркі» тақырыбында 9-10-11 сынып арасында қыздар жиналысы өтті.
Алматы қаласы Наурызбай ауданы Арнайы келген қонақ №36 қалалық-емханасының I дәрежелі гинеколог-акушер дәрігері Т.К.Несипбаева «Қыз баланың жеке бас гигиенасы және жыныстық жетілуі» тақырыбында баяндама оқыды. Баяндамада әлемде, жалпы елімізде болып жатқан келеңсіз оқиғалардың алдын алу және қыз балалар арасында кездесетін ерте жүктілік, оның денсаулыққа қаншалықты зиян екендігін түсіндіре отырып қыз бала тәрбиесіне дұрыс көңіл бөлуге ақыл-кеңестер берді. Жиналыстың негізгі мақсаты: гигиеналық тазалықты дұрыс және күнделікті сақтауға үйрету, сондай-ақ биязылық пен инабаттылықты тең ұстануды насихаттау.