Жоғары Парламенттің бекітуімен 2012 жылы 1 желтоқсан Қазақстанда алғаш рет – Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мереке ретінде аталып өтіп, баршамыз үшін қуанышты оқиға болды. » 174 гимназия
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№174 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)351-26-14
Есепші бөлімі:
+7(727)399-51-19
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жоғары Парламенттің бекітуімен 2012 жылы 1 желтоқсан Қазақстанда алғаш рет – Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мереке ретінде аталып өтіп, баршамыз үшін қуанышты оқиға болды.
29
ноябрь
2021

Жоғары Парламенттің бекітуімен 2012 жылы 1 желтоқсан Қазақстанда алғаш рет – Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мереке ретінде аталып өтіп, баршамыз үшін қуанышты оқиға болды.


Жоғары Парламенттің бекітуімен 2012 жылы 1 желтоқсан Қазақстанда алғаш рет – Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мереке ретінде аталып өтіп, баршамыз үшін қуанышты оқиға болды. Елбасына деген ел құрметін айрықша айғақтауға арналған бұл мерекенің дәстүрлі іс – шараға айналуға орны бар екенін шынайы сезіммен айта аламыз. Осыған орай «1 – желтоқсан Тұңғыш Президент күні» қарсаңында Наурызбай ауданы №174 мектеп-гимназиясының тәлімгері М.Б.Сариева мектепшілік «Өзін-өзі басқару» ұйымының мүшелерімен Елбасының «Атамекен» тарихи-мәдени орталығына саяхатқа барды. Аталған шараның негізгі мақсаты: жасөспірімдер арасында Елбасының жүріп өткен шығармашылық және саяси жолын кеңінен насихаттау, сондай-ақ Президенттің өмірі мен қызметінің айшықты үлгілері негізінде жастардың патриоттық тәрбиесін күшейту. Саяхат барысында оқушылар Елбасының балалық шағынан бастап, тұлға болып қалыптасуына дейінгі кезеңдерден мәлімет беретін құнды жәдігерлер қойылған экспозициялық 4 залды тамашалап, өзге елдердің алдында Қазақстанның беделінің нығаюындағы Елбасының ауқымды үлесін, рөлі мен еңбегін көре алды.
#тұңғышпрезиденткүні #елбасы #атамекенмузейі #наурызбайауданы

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: