МИНИСТРМЕН КЕЗДЕСУ! » 174 гимназия
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№174 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)351-26-14
Есепші бөлімі:
+7(727)399-51-19
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » МИНИСТРМЕН КЕЗДЕСУ!
31
январь
2021

МИНИСТРМЕН КЕЗДЕСУ!

МИНИСТРМЕН КЕЗДЕСУ!

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Аймағамбетов Асхат Қанатұлымен кездесуге Алматының 25 үздік, белсенді ұстаздары қатысты.Осы ұстаздар қатарында біздің 174 мектеп-гимназияның ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, "Алматы жыл мұғалімі-2020" байқауының II орын иегері Алмабаева Гульнур Ислямгазыевна да қатысты.
Асхат Қанатұлы арнайы Алматы қаласына келіп, Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы Л.Ә.Жылқыбаевамен бірге қазіргі таңдағы білім беру жүйесінің өзекті деген мәселелері бойынша ашық диалог алаңын жүргізді.
Ашық диалог барысында білім саласына қатысты көптеген сұрақтармен ұсыныстар айтылды.Нақтырақ айта кететін болсақ:
- қашықтықтан оқыту, аранайы платформалар жайлы.
-оқулықтар, әліппенің қайта оралуы, бірақ бұрынғы әліппе емес, сәл өзгерген деді, бастысы А.Байтұрсыновтың 5 принципін сақтай отырып жасалған әліппе.
- дәстүрлі кітапханалардың орнына ашық coworking бұрыштарының тиімділігі.Оқушылардың оқу сауаттылығын арттыру мақсатында кітап оқуға арнайы уақыт бөлу туралы мәселелер талқыланды.
-мұғалімдердің кәсіби біліктілігін көтеру мақсатында халықаралық тәлімдеме(стажировкадан) өтудің маңыздылығы.
-балалардың психологиялық жағдайы, отбасы психологиясының маңыздылығы, осы орайда психологтардың жұмыстары, өзін-өзі тану пәнінде отбасылық құндылықтар жайлы көбірек жұмыс жасалу туралы айтылды.
-ғылыми жобаларға арналған портал болу керек және онлайн трансляция болса, ол ашық түрде жарияланса деген ұсыныс болды.Асхат Қанатұлы Дарын орталығына арнайы тапсырма берген екен, енді жаңа бағытта барлығы ұйымдастырылып жатыр. Сонымен қатар, 2- 5 сыныптарга да дарын олимпиадалары қарастырылып жатқанын айтты.

Жалпы жоғарыда айтылған мәселелерден басқа тағы басқа сұрақтар көтерілді. Асхат Қанатұлы өзіне түртіп алды және алдағы уақытта барлығы өз шешімін табады деген сенімдеміз.
Сонымен қатар еліміздегі білім беру жүйесінің көшбасшысы, ұстаздарымыздың Бас ұстазы Асхат Қанатұлының әрбір жаңа бастамаларын барша білім беру жүйесіндегі әріптестер әрқашан қолдауға дайынбыз дегіміз келеді.



 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации: