Алматы қаласы Наурызбай ауданы #174 мектеп - гимназияда 11 - сынып оқушыларымен “ҰБТ-ға дайындаудың тиімді жолдары” атты тақырыпта түсіндірме жұмыстары жүргізілді. » 174 гимназия
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№174 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)351-26-14
Есепші бөлімі:
+7(727)399-51-19
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Алматы қаласы Наурызбай ауданы #174 мектеп - гимназияда 11 - сынып оқушыларымен “ҰБТ-ға дайындаудың тиімді жолдары” атты тақырыпта түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
08
апрель
2021

Алматы қаласы Наурызбай ауданы #174 мектеп - гимназияда 11 - сынып оқушыларымен “ҰБТ-ға дайындаудың тиімді жолдары” атты тақырыпта түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

📚ЖАС ТҮЛЕКТЕР НАЗАРЫНА!!!📚 Грантқа түсу үшін өткізілетін ҰБТ 15 - сәуірде басталады!
Осыған орай, Алматы қаласы Наурызбай ауданы #174 мектеп - гимназияда 11 - сынып оқушыларымен “ҰБТ-ға дайындаудың тиімді жолдары” атты тақырыпта түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, негізгі пән мұғалімдері онлайн форматта 11 - сынып оқушыларымен тестке дайындық жұмыстарын өткізуде. ҰБТ - ның өткізілу форматы, төмендегідей талаптарға негізделген: 👇👇👇👇👇👇👇👇👇👇👇
🔹Мемлекеттік білім грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін ҰБТ 15 сәуірде басталып, 30 маусымға дейін жалғасады. Тестілеу алғаш рет электрондық форматта өтеді. Бұл ашықтықты қамтамасыз етеді.
🔹ҰБТ-ға өтінішті http://app.testcenter.kz/ сайты арқылы беруге болады.
🔹ҰБТ электрондық форматта "бір тестіленуші – бір компьютер – бір камера" қағидаты бойынша ұйымдастырылады. Аудиторияда не болып жатқанын көрсететін камералардан басқа, тестіленуші отыратын әр үстелдің үстінде тағы бір камера орнатылады. Прокторинг пен бейнебақылаудың заманауи жүйесі және ҰБТ-да бөгде адамдарды болдырмау үшін Face ID цифрлық сәйкестендіру құрылғысы пайдаланылады.
 🔹Ережелердің сақталуын арнайы компьютерлік бағдарлама бақылайды, Ол тыйым салынған заттарды қолдану фактілерін автоматты түрде анықтайды. Егер ҰБТ тапсыру кезінде талапкердің смартфон, шпаргалка және т.б. тыйым салынған заттарды пайдаланғаны анықталса, тестілеу автоматты түрде тоқтатылады, тестіленушінің нәтижелері жойылады.
🔹Тестілеу процесін қосымша ахуалдық орталық бақылайды. Сондай-ақ ашықтық пен объективтілікті қамтамасыз ету үшін ҰБТ-ны өткізу рәсіміне Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Арнайы мониторингтік тобы мен "Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің өкілдері шақырылатын болады.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: