Ақпарат » Страница 61 » 174 гимназия
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№174 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)351-26-14
Есепші бөлімі:
+7(727)399-51-19
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 61
Наурызбай ауданы 174мектеп-гимназия оқушылары Наурыз мерекесімен құттықтайды.
24
март
2021
Наурызбай ауданы 174мектеп-гимназия оқушылары Наурыз мерекесімен
Алматы қаласы, Наурызбай ауданы 174мектеп-гимназия оқушылары Наурыз мерекесімен құттықтайды. Тарихи тамыры тереңге бойлаған әз-Наурыз дана халқымызда қай кезде де еңсесі биік елдіктің іргесі сөгілмес бірліктің, ырыс пен ынтымақтың мерекесі болып келген. Қазақстан халқы үшін Наурыз мейрамы – көктем мен жаңаруды айшықтайтын мерейі тасыған ұлы мереке.Ұлыс он болсын, ақ мол болсын! 
174 мектеп- гимназияның 1"Д" сынып оқушылары баршаңызды Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
23
март
2021
174 мектеп- гимназияның 1"Д" сынып оқушылары баршаңызды Ұлыстың Ұлы
Алматы қаласы, Наурызбай ауданы 174 мектеп- гимназияның 1"Д" сынып оқушылары баршаңызды Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Наурыз – іргесі сөгілмес бірліктің берекесі, ырысы төгілмес тірліктің мерекесі. Жақсылықтың жаршысы, жаңа жылдың бастауы – Наурыз мейрамы туған жер топырағына құт - береке әкелсін! Еліміз тыныш, туған жеріміз аман болып, әрбір жаңа күн әр отбасына шат көңіл, бақыт және береке сыйласын! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! 
174 мектеп-гимназиясының 3 "Ж" сынып оқушылары сіздерді қазақтың жаңа жылы - 22 наурыз Ұлыстың Ұлы күнімен құттықтайды.
22
март
2021
174 мектеп-гимназиясының 3 "Ж" сынып оқушылары сіздерді қазақтың жаңа
Алматы қаласы Наурызбай ауданының 174 мектеп-гимназиясының 3 "Ж" сынып оқушылары сіздерді қазақтың жаңа жылы - 22 наурыз Ұлыстың Ұлы күнімен құттықтайды. Наурыз мерекесі баршаңызға құт- береке, ырыс-несібе, мол бақыт әкелсін! #174мектепгимназия 
Алматы қаласы, Наурызбай ауданы,174 мектеп-гимназия оқушылары Наурыз сіздерді мерекесімен құттықтайды!
21
март
2021
Алматы қаласы, Наурызбай ауданы,174 мектеп-гимназия оқушылары Наурыз
Алматы қаласы, Наурызбай ауданы,174 мектеп-гимназия оқушылары Наурыз сіздерді мерекесімен құттықтайды! Көктің тынысын тыңдап, жердің тамырын басқан, тұрмыс-тіршілігін табиғат-анамен тығыз байланыстырған халқымыз Наурызды жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыc пен берекенің арқауы деп бағалаған.Наурыз мерекесі баршаңызға жаңа жетістіктер, молшылық пен татулық әкелсін. 
Оқушыларымыздың әдебиетке деген қызығушылығын арттыру мақсатында №174 мектеп - гимназияның дәлізінде "ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП" бұрышы ашылды.
19
март
2021
Оқушыларымыздың әдебиетке деген қызығушылығын арттыру мақсатында №174
“Артық ғылым - кітапта, ерінбе оқып көруге!” деп, халқымыз айтқандай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында ҚР Білім және ғылым министрлігі орта білім салаларындағы мектеп кітапханаларын қайта жаңғырту мен оқушыларды кітап оқуға баулу мақсатындағы республикалық «ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП» жобасы өз жұмысын бастады. Оқушыларымыздың әдебиетке деген қызығушылығын арттыру мақсатында №174 мектеп - гимназияның дәлізінде "ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП" бұрышы ашылды. #174мектепгимназия  
Асыл жандар, ардақты аналар, аяулы ұстаздар, шырайлы көктемнің шуағын шашатын арулар мерекесі құтты болсын!
08
март
2021
Асыл жандар, ардақты аналар, аяулы ұстаздар, шырайлы көктемнің
Асыл жандар, ардақты аналар, аяулы ұстаздар, шырайлы көктемнің шуағын шашатын арулар мерекесі құтты болсын! Жүздеріңізден мәңгі күлкі кетпей, жадырап, жайнап жүріңіздер. Әйел заты- әуелден нәзіктіктің, сұлулықтың символы. Бір қолымен бесікті тербесе, бір қолымен әлемді тербейтін нәзік жанды аруларымызды мереке күнімен Алматы қаласы Наурызбай ауданы #174 мектеп - гимназияның жігіттер қауымы шын жүректен құттықтайды! Мерекелеріңіз құтты болсын!!! 💐💐💐💐💐💐💐💐💐💐💐 @sanzhar_togai_akimat_nauryzbai
Барша аналарымызбы 8 -ші Наурыз Халықаралық әйелдер мерекесімен Индира Қайратқызы бастаған 5 "з" сыныбының атынан музыкалық құттықтауларын жолдайды!
06
март
2021
Барша аналарымызбы 8 -ші Наурыз Халықаралық әйелдер мерекесімен
Анам менің-аялаған ақ гүлім, Анам менің-бақытыммен шаттығым, "Анашым"- деп балаң жырын арнаған, Неге ғана естімеген тәтті үнін, Анам менің-өмірдегі тірегім, Анам менің-кеудемдегі жүрегім, Егер менің қасымда сен болмасаң, Бұл өмірде қалай ғана жүремін. Барша аналарымызбы 8 -ші Наурыз Халықаралық әйелдер мерекесімен шын жүректен құттықтай отырып, сынып жетекшісі: Индира Қайратқызы бастан, 5 "з" сыныбының атынан музыкалық құттықтауларын жолдайды!Аман болыңызбар аяулы аналар!!!
"Ұлағатты ертегі - ел ертеңі" атты әдістемелік онкүндік оқушы, ата- ана, мектеп үштігін нығайта отырып, 174 мектеп-гимназияның бастауыш сыныптары арасанда ерекше белсенділікпен өтті.
28
февраль
2021
"Ұлағатты ертегі - ел ертеңі" атты әдістемелік онкүндік оқушы, ата-
"Ұлағатты ертегі - ел ертеңі" атты әдістемелік онкүндік оқушы, ата- ана, мектеп үштігін нығайта отырып, Наурызбай ауданы 174 мектеп-гимназияның бастауыш сыныптары арасанда ерекше белсенділікпен өтті. Онкүндік барысында жас ұрпақты кітап оқуға баулу, функционалдық сауаттылықты жетілдіру бағытында көптеген жұмыстар жүргізіліп, оң нәтижесін берді. Осы бір жақсы бастама тек 174 мектеп-гимназия көлемінде ғана қалмай, өзге мектептерде де жалғасын табатын болды. Бұл туралы Наурызбай ауданына қарасты
Мұқағали Мақатаев - адамдар арасындағы, өмірдегі, табиғаттағы жарастық пен келісімнің жыршысы.
06
февраль
2021
Мұқағали Мақатаев - адамдар арасындағы, өмірдегі, табиғаттағы
Мұқағали Мақатаев - адамдар арасындағы, өмірдегі, табиғаттағы жарастық пен келісімнің жыршысы. Оның өлеңдері шын тебіреністен, шын шабыттан, шын күйзеліс пен қуаныштан, шын сағыныштан туған. Мұқағалидай ақыны бар халық - бақытты халық, таудай биік тау ұлының жалынды да жауһар жырлары, сырлы да сазды естеліктері халық жүрегінде мәңгі қала бермек.... 
№174 мектеп-гимназиясында ақпан айының 1-12.2021 жылы Өзін-өзі тану пәрінің «Махаббат пен Шығармашылық Педагогикасы» атты республикалық онкүндігі онлайн түрде ашылды.
01
февраль
2021
№174 мектеп-гимназиясында ақпан айының 1-12.2021 жылы Өзін-өзі тану
Алматы қаласы Наурызбай ауданы №174 мектеп-гимназиясында ақпан айының 1-12.2021 жылы Өзін-өзі тану пәрінің «Махаббат пен Шығармашылық Педагогикасы» атты республикалық онкүндігі онлайн түрде ашылды. Онкүндік аясында ашылу салтанаты оқушыларға ZOOM платформасы арқылы бейнеролик көрсетілді. Сонымен қатар «Мейірім төгетін ана» тақырыбында С.А. Назарбаева туралы кітап көрмесі мен «Жүрекке жол тапқан мейірімді ана» тақырыбындағы дәйексөздер тақтасы көрсетілді.