Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған "Туғанда дүние есігін ашады өлең..." деп аталатын ақын өлеңдерін оқудан байқау өтті. » 174 гимназия
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№174 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)351-26-14
Есепші бөлімі:
+7(727)399-51-19
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған "Туғанда дүние есігін ашады өлең..." деп аталатын ақын өлеңдерін оқудан байқау өтті.
30
январь
2020

Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған "Туғанда дүние есігін ашады өлең..." деп аталатын ақын өлеңдерін оқудан байқау өтті.

30 қаңтар күні #174 мектеп-гимназияда қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған "Туғанда дүние есігін ашады өлең..." деп аталатын ақын өлеңдерін оқудан байқау өтті. Мақсаты - ақын өлеңдерін насихаттау, жас ұрпақтың бойына ақын өлеңдері арқылы шығармашылық шабыт дарыту және адамгершілікке тәрбиелеу. Байқауда 5-10 сынып оқушылары бақ сынады. Төрт турдан тұратын байқау шарттарына дайындалып келген оқушылар ақын өлеңдерін жатқа оқумен қатар, өз жүректерінен шыққан жыр шумақтарын да арнады. Ақынның өмірі мен шығармашылығы жайлы сұрақтарға жауап берді. Қазылар алқасының сынынан сүрінбей өткен жас таланттар жүлделі орындарға ие болды. Қазақтың маңдайына біткен біртуар ұлы тұлғасы Абай атамыздың насихат еткен әр сөзі жазған жырлары арқылы өскелең ұрпақтың бойына жете білген рухани кештердің бірі болды...



 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: