«АДАЛ ҰРПАҚ» еріктілер клубының мүшелігіне оқушылар қабылданды » 174 гимназия
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№174 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)351-26-14
Есепші бөлімі:
+7(727)399-51-19
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «АДАЛ ҰРПАҚ» еріктілер клубының мүшелігіне оқушылар қабылданды
30
октябрь
2020

«АДАЛ ҰРПАҚ» еріктілер клубының мүшелігіне оқушылар қабылданды


2020 жылдың 30 қазан күні Алматы қаласы Наурызбай ауданы №174 мектеп - гимназиясында «АДАЛ ҰРПАҚ» еріктілер клубының мүшелігіне оқушылар қабылданды. Онлайн форматта өткізілген іс-шара Республикалық «Sanaly urpaq» жобалық кеңсесінің жетекшісі Қайыржан Ахметбекұлы Токушевтың қатысуымен өтті. Кездесу барысында мектебіміздің басшысы Маликова Арнагуль Мусразовна клубтың жаңа мүшелеріне құттықтау тілектерін айта отырып, алға қойған жұмысты жоспарлы, жүйелі жүргізуге шақырды. «Адал ұрпақ» клубына мүшелікке қабылданатын оқушылар өздерін таныстырып, ант қабылдап, клубқа ресми түрде мүшелікке қабылданды.
Қ.А.Токушев «Адал ұрпақ» клубына мүше болған оқушыларды құттықтап, атқарылатын іс-шараларды тізбектеп көрсетіп, нақты ұсыныстар енгізді. Парасаттылық мектебі арқылы адами құндылықтарды оқушылардың санасына сіңіру керектігін айтып, осы мақсатта «Sanaly urpaq» жобасының аясында дайындалған әдістемелік нұсқауларды түсіндірді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: