3 - сыныптың жетекшілерінің ұйымдастыруымен желтоқсан айының 4- жұлдызында "Менің ата-анамның жұмысындағы бір күнім" айдарымен ашық тәрбие сағаты өткізілді. » 174 гимназия
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№174 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)351-26-14
Есепші бөлімі:
+7(727)399-51-19
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 3 - сыныптың жетекшілерінің ұйымдастыруымен желтоқсан айының 4- жұлдызында "Менің ата-анамның жұмысындағы бір күнім" айдарымен ашық тәрбие сағаты өткізілді.
05
декабрь
2020

3 - сыныптың жетекшілерінің ұйымдастыруымен желтоқсан айының 4- жұлдызында "Менің ата-анамның жұмысындағы бір күнім" айдарымен ашық тәрбие сағаты өткізілді.

Алматы қаласы, Наурызбай ауданы №174 мектеп-гимназияда 3 - сыныптың жетекшілерінің ұйымдастыруымен желтоқсан айының 4- жұлдызында "Менің ата-анамның жұмысындағы бір күнім" айдарымен ашық тәрбие сағаты өткізілді. Аталған тәрбие сағаты "Ұл тәрбиелей отырып, халықты тәрбиелейміз" атты мектепішілік сынып жетекшілер онкүндігі аясында жүргізілген. Тәрбиенің "Еңбек, экономикалық және экологиялық" бағытын негізге ала отырып өткізілген бұл сағаттың мақсаты - оқушыларды еңбексүйгіштікке тәрбиелей отырып, әрбір мамандықтың өзіндік қыр-сырын, қиындығы мен қызықты жақтарын үйрету, болашақта мамандық таңдауға бағдарлау, ата-аналарды құрметтей білуге бағыттау. Оқушылар ата-аналарының қиындығы мен қызыққа толы жұмыс орындарына сапар шегіп, жұмыс, еңбек туралы түсініктерін қалыптастырды. Аталған ашық тәрбие сағатына мектебіміздің ата-анасы дәрігер-терапевт - Сая Абралинова қатысып, балаларға қазіргі жағдайда денсаулықты күту жолдарын түсіндірсе, екінші қонағымыз химик- эколог маман Ақынбаев Нұрлан Бекенұлы өз тілегін айтып, оқушыларға жылы лебізін білдірді. Осы тәрбие сағатын өткізуге атсалысқан ата-аналарға үлкен рахметімізді білдіреміз!
#174мектепгимназия 




Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации: