№174 мектеп-гимназия кітапханасында 2020 жылдың қараша айының 06 күні «Менің сүйікті кітабым» тақырыбында іс-шара өткізілді. » 174 гимназия
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№174 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)351-26-14
Есепші бөлімі:
+7(727)399-51-19
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » №174 мектеп-гимназия кітапханасында 2020 жылдың қараша айының 06 күні «Менің сүйікті кітабым» тақырыбында іс-шара өткізілді.
06
ноябрь
2020

№174 мектеп-гимназия кітапханасында 2020 жылдың қараша айының 06 күні «Менің сүйікті кітабым» тақырыбында іс-шара өткізілді.


Қатысқандар: 7-Б сынып оқушылары

Мақсаты: Оқырмандарды кітап оқу өнеріне, дүниетанымын кеңейтуге, білімдерді сарқып білуге, көркем шығармалардың тамашалығын сезінуге, оқығандарын дұрыс бағалай алуға, оқыған кітаптары жайлы бір-біріне айтып, қызықтыруға, өмірде, еңбекте, оқуда, кітапты пайдалануға баулу. 

Бағдарламасы: Кітапханашы   рухани өмірімізде  кітаптың алатын орны осымен тоқтап қалмайтыны, алға басқан сайын кітап біздің айнымас досымыз болып қала беретіні туралы айтып өтті. Оқушылар берілген  сұрақтарға жауап берді. Кітапханашы егемен елімізді әлемге таныту, болашақта еркін өмір сүріп, ойлаған армандарымыздың орындалуы тек ерінбей терең білім алғанда ғана орындалары сөзсіз. Ал білім алудың басты құралы - кітап екенін бәріміз жақсы білеміз. Еліміздің азаматтары қазіргі заманға сай білімді, мәдениетті, өнерлі болуы қажет. Ол үшін терең білім, ғылым жаңалықтарын, өткен тарихымызды өнерімізді білу үшін кітапты көп оқуымыз керек. Осыған орай, біз кітапхананың білімді де таланты оқырмандар санын көбейту үшін, оқыған кітаптарың жайлы бөлісу үшін «Менің сүйікті кітабым» атты тәрбие-сағатың ұйымдастырдық. Тәрбие-сағатына 7-Б сынып оқушылары қатысты. 

Тәрбие сағатымыз 4- бөлімнен тұрды: 

1) Таныстыру.   

2)Оқыған кітаптары туралы қысқаша мазмұндау.                 

3) Бір-біріне кітап жайында сұрақтар қою. 

4) Оқырмандар конференциясынан алған әсерлерін жазу.

  Оқушылар өздерін таныстырды. Жас оқырмандар өзі оқыған кітаптары жайлы,одан не түйгенін қысқаша айтып берді.  «Абай жолы» атты кітап туралы пікірін айтты, ал   сүйікті кітабы авторы М. Мақатаевтың жазған «Аманат» атты кітап болып шықты. Оқушылар ақ қағаз бен стикерлерге алған әсерлерін  жазды. Кітапханашы сөз соңында: Кымбатты оқырмандар, кітап бәріңнің де мәңгі сенімді достарың, серіктерің болсын. Кітап қадірін білетін жақсы балалар көбейе берсін. Еліміздің болашағы, ертеңі үшін барлық қуат-қайраттарынды оқуға, заман талабына сай терең білім алуға жұмсаңдар. Өмірде бар нәрсе өзгереді, тек кітапхана халық қажетіне жарап, ғасырлар бойы жасамақ. Осы құндалағымыз ешқашан жоғалмай келешек ұрпақ асыл қазынамыздан нәр алып, сусындай берсін. Келесі кездескенше аман сау болайық .

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: