Кітапхана » Страница 7 » 174 гимназия
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№174 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)351-26-14
Есепші бөлімі:
+7(727)399-51-19
Нашар көрушілер
нұсқасы
Танымал бренд – компанияның ең құнды активтерінің бірі, оны қалыптастыру көп уақыт пен күш-жігерді талап етеді.
19
июнь
2021
Танымал бренд – компанияның ең құнды активтерінің бірі, оны
Танымал бренд – компанияның ең құнды активтерінің бірі, оны қалыптастыру көп уақыт пен күш-жігерді талап етеді. «Стратегиялық бренд-менеджмент» кітабы бренд туралы негізгі түсініктермен қатар бренд капиталының мәні мен мазмұнын, оның функциялық, эмоциялық қырларын таныстырады және бренд капиталын қалыптастырудың ұтымды әдіс-тәсілдерін ұсынады.
174 мектеп-гимназия кітапханасы, Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесіне қарасты Отбасылық оқу кітапхана бөлімшесімен бірігіп "Кітап алмасайық" акциясын өткізді.
15
июнь
2021
174 мектеп-гимназия кітапханасы, Алматы қаласы Орталықтандырылған
№174 мектеп-гимназия кітапханасы, Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесіне қарасты Отбасылық оқу кітапхана бөлімшесімен бірігіп "Кітап алмасайық" акциясын өткізді. Шараға 174 мектеп-гимназия жанындағы "Балауса" жазғы сауықтыру орталығының балалары қатысты. Мақсаты: балалардың шығармашылық іс-әрекеттері арқылы кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру.
174 мектеп-гимназиясының 2"А"сынып оқушылары "Оқуға құштар мектеп" жобасы бойынша Бердібек Соқпақбаевтың "Ағаштар неге ашуланды?" атты шығармасын оқып ,талдады
16
апрель
2021
174 мектеп-гимназиясының 2"А"сынып оқушылары "Оқуға құштар мектеп"
[media=https://www.instagram.com/tv/CNwOZJen2Z6/?igshid=1fqx09pb4a4sm] 174 мектеп-гимназиясының 2"А"сынып оқушылары "Оқуға құштар мектеп" жобасы бойынша Бердібек Соқпақбаевтың "Ағаштар неге ашуланды?" атты шығармасын оқып ,талдады.Шығарманы талдау барысында оқушылар ағаштардың табиғатқа сән беретінін және барлық тіршілік иелеріне тигізер пайдасының зор екендігін түсінді. Осы жұмыс негізінде "Табиғат көркі-ағаш" атты сыныптан тыс іс-шарасы өткізіліп,оқушылар өз аулаларындағы көктемгі
"Оқуға құштар мектеп" жобасының аясында информатика пәні мұғалімдерінің ұйымдастырумен "Виртуальды білім беру ресурстары-кітап оқудың қайнар көзі" тақырыбында 7 сынып оқушыларымен ақпарат беру семинары өткізілді.
12
апрель
2021
"Оқуға құштар мектеп" жобасының аясында информатика пәні
                                      Наурызбай ауданы, №174 мектеп-гимназиясында оқушылардың сабақтан тыс уақытын тиімді өткізу мақсатында, сондай-ақ қолжетімді электрондық ресурстар, IT-веб технологиялар көмегімен "Оқуға құштар мектеп" жобасының аясында информатика пәні мұғалімдерінің ұйымдастырумен "Виртуальды білім беру ресурстары-кітап оқудың қайнар көзі" тақырыбында 7 сынып оқушыларымен ақпарат беру семинары өткізілді.
№174 мектеп-гимназия кітапханашыларының ұйымдастыруымен «Оқуға құштар мектеп» бағытында түрлі оқу жұмыстары жүргізілуде. Осы орайда 4-Е сынып оқушыларымен Б. Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесінен ойын ұйымдастырылды.
12
апрель
2021
№174 мектеп-гимназия кітапханашыларының ұйымдастыруымен «Оқуға құштар
Алматы қаласы Наурызбай ауданы №174 мектеп-гимназия кітапханашыларының ұйымдастыруымен «Оқуға құштар мектеп» бағытында түрлі оқу жұмыстары жүргізілуде. Осы орайда 4-Е сынып оқушыларымен Б. Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесінен ойын ұйымдастырылды. Мақсаты: Оқушыларды кітап оқуға қызығушылықтарын арттыру, ойларын, пікірлерін еркін айтуға, сөздік қорын молайту; оқушыларды адамгершілікке, мәдениеттілікке, әдебиетті сүюге, жағымсыз қасиеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.
№174 мектеп - гимназияның бастауыш сынып оқушылары "Оқуға құштар мектеп" бағытында түрлі тақырыпта жазылған шығармашылық жұмыстарын баспасөз бетінде жариялады.
05
апрель
2021
№174 мектеп - гимназияның бастауыш сынып оқушылары "Оқуға құштар
Алматы қаласы Наурызбай ауданы №174 мектеп - гимназияның бастауыш сынып оқушылары "Оқуға құштар мектеп" бағытында түрлі тақырыпта жазылған шығармашылық жұмыстарын баспасөз бетінде жариялады. Жас қаламгерлер өздерінің шығармалары жарияланған журналдар топтамасын мерзімді баспасөз қорын молайту мақсатында мектеп кітапханасына тарту етті.
Наурызбай ауданы №174 мектеп-гимназия бастауыш сыныптарының арасында «Оқуға құштар мектеп» бағытында түрлі оқу жұмыстары жоспарланған оқырмандар айлығы басталды.
04
апрель
2021
Наурызбай ауданы №174 мектеп-гимназия бастауыш сыныптарының арасында
    Кітап-ой сананың қозғаушы күші. Әсіресе, өскелең ұрпақты қазақ тілінің кәусар бұлағынан сусындатып, елжандылыққа тәрбиелеуде қазақ балалар әдебиетінде теңдесі жоқ туындылар жеткілікті. Осы орайда Алматы қаласы Наурызбай ауданы №174 мектеп-гимназия бастауыш сыныптарының арасында «Оқуға құштар мектеп» бағытында түрлі оқу жұмыстары жоспарланған оқырмандар айлығы басталды. Аталған іс-шараны Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым – Қожа» шығармасын оқып талдау онкүндігімен 4-сынып оқушылары бастады.
«Мектеп оқушыларының эмоциясын басқара алу» тақырыбында психология ғылымдарының кандидаты, Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің қауымдастырылған профессоры Жігітбекова Бақыт Дастанқызымен ZOOM жүйесінде кездесу өткізілді.
31
март
2021
«Мектеп оқушыларының эмоциясын басқара алу» тақырыбында психология
Алматы қаласы Наурызбай ауданы 174 мектеп-гимназияның кітапханашылары 31.03.2021 жылы оқушылардың өзін тану арқылы, өзіндік бағалауын қалыптастыру, стрессті жеңу мақсатында кітапханамызда 9 "Д" сынып оқушыларымен «Мектеп оқушыларының эмоциясын басқара алу» тақырыбында психология ғылымдарының кандидаты, Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің қауымдастырылған профессоры Жігітбекова Бақыт Дастанқызымен ZOOM жүйесінде кездесу өткізілді.