9-12 сынып оқушылары және колледж студенттері арасында ағылшын тілінде дебат сайысын өткізілді » 174 гимназия
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№174 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)351-26-14
Есепші бөлімі:
+7(727)399-51-19
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 9-12 сынып оқушылары және колледж студенттері арасында ағылшын тілінде дебат сайысын өткізілді
22
май
2021

9-12 сынып оқушылары және колледж студенттері арасында ағылшын тілінде дебат сайысын өткізілді

Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, №174 мектеп-гимназия

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК қолдауымен, Туран университетінің және Tournaman орталығы, ЖШС «Your vision» бірлесе ұйымдастыруымен 9-12 сынып оқушылары және колледж студенттері арасында ағылшын тілінде дебат сайысын өткізді. Дебатқа №174 мектеп-гимназияның ағылшын тілі мұғалімі Алмабаева Г.И 10 сынып оқушыларынан 5 спикер дайындап: Жақсыбек Алишер, Қайназаров Жасулан, Зекей Жанерке, Қалиев Ерлан, Айдынқызы Айым қатыстырды.Нәтижесінде оқушыларымыз 112 команданың ішінде оза шауып оффлайн түрде өткен double-octo финалын жеңіспен аяқтады. Жас дебатерлар өздерінің көзқарастарын сенімді қорғап, дәлелді фактілермен талассыз дәлел келтіре білді. Дебат барысында 8 тур бойынша төрешілік жасаған Малайзия, Африка,Индия елдерінің халықаралық төрешілерінен жоғары баға алып арнайы дипломмен марапатталды. Дебат сайысына қатысу оқушылардың логикалық және сыни ойлауды, коммуникативті мәдениетті және көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын дамытады, тәуелсіз шешім қабылдауға және қоғамның болашақ көшбасшысы ретінде жеке тұлғаның қалыптасуына ықпал ететіні сөзсіз. Әрқашан биікке ұмтылатын жігерлі жастарымыздың жетістіктеріне қуана отырып, оларды шын жүректен құттықтаймыз!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: