"Қазына" жазғы сауықтыру лагерінде бүгін балалармен "Көңілді старт" эстафеталық ойыны, музықалық сергіту, топтық жұмыстар өткізілді » 174 гимназия
Алматы қаласы
Управления образованияның
"№174 мектеп-гимназия"
акимата города Усть-Каменогорска
Приемная
+7(727)351-26-14
Бухгалтерия
+7(727)399-51-19
Версия для
слабовидящих
» » "Қазына" жазғы сауықтыру лагерінде бүгін балалармен "Көңілді старт" эстафеталық ойыны, музықалық сергіту, топтық жұмыстар өткізілді
06
июнь
2023

"Қазына" жазғы сауықтыру лагерінде бүгін балалармен "Көңілді старт" эстафеталық ойыны, музықалық сергіту, топтық жұмыстар өткізілді



Оқушылар үшін ең қызықты мезгіл – жаз маусымы. Бұл мезгілде олар өз уақыттарын тиімді пайдаланып, танымдық, тағылымдық тұрғыдан дами алады. Сондықтан жаз мезгілінде біздің «Қазына» жазғы сауықтыру лагеріміз - балалардың мүмкіндіктерін одан әрі аша түсетін таптырмас орын. Бүгін, яғни 6 маусым күні, лагерьдің кезекті қызықты күндерінің бірі өтті.
Таңымыз “Қара жорға” биімен бастау алып, “Көңілді старт” эстафеталық ойынымен жалғасты. Бұл арқылы балалар жылдамдыққа, ұйымшылдыққа бейімделді. Топ ішінде қолөнермен, атап айтқанда ою-өрнек ойып, қоржын тігумен айналысты. Қолөнер бұйымдары мектеп көрмесіне қойылды. Сонымен қатар балалар түрлі ойын ойнап, би билеп, тематикалық мульфильмдер тамашалады. Оқушылар жас ерекшеліктеріне сай ауызша, логикалық тапсырмалар шешті.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: