“Бала қауіпсіздігі басты назарда” тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді. » 174 гимназия
Алматы қаласы
Управления образованияның
"№174 мектеп-гимназия"
акимата города Усть-Каменогорска
Приемная
+7(727)351-26-14
Бухгалтерия
+7(727)399-51-19
Версия для
слабовидящих
» » “Бала қауіпсіздігі басты назарда” тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді.
28
март
2024

“Бала қауіпсіздігі басты назарда” тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді.

Алматы қаласы,Наурызбай ауданы #174 мектеп-гимназиясында “Бала қауіпсіздігі басты назарда” тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді.
Ата - аналар жиналысында ,зорлық - зомбылыққа жол бермеу , бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету : бала үйде , көшеде , көлікте жалғыз қалғанда , оның өмірі мен денсаулығына қауіп төндірудің алдын алу және қатыгездік жасаудың алдын алу , баланы қолдауға бағытталған психологиялық кеңес , тренингтер жүргізу және баланы қоғамдық ортаға сай әлеуметтендіру арқылы азаматтық белсенділігін арттыру көзделді. Мектеп-гимназия директоры Маликова Арнагуль Мусразовна сөз алып,  ата-аналарға құқық бұзушылықтың алдын алу,  бала қауіпсіздігінің алдын алу,  балалардың тәлім-тәрбиесінің дұрыс болуы ең басты отбасынан бастау алатындығын атап өтті. Сонымен қатар,төтенше жағдай кезінде қандай шаралар қолдану керектігі көрсетілді.
1) Үйде мектеп жасына дейінгі балалар болса, электр құралдарын, сымдарын балалардың қолы жетпейтіндей жерде орналастыру;
2) Электр құралдарын, әсіресе ұялы телефон зарядкасын тоққа қосулы қалдырмау, себебі кішкентай балалар аузына салып, тоққа түсуі мүмкін;
 3) Кішкентай балаларды үйде жалғыз үлкендердің қарауынсыз қалдырмау;
4) Балаларға қауіпті электр құралдарымен, газ приборларымен жұмыс істеуге тыйым салу;
Мектеп директорының тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары Оразбаева Жазира Алтаевна өз баяндамасында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бейнебақылау камералары, турникеттер, мектеп асханасы туралы айтып өтті.
Жиналыс соңында , күн тәртібіндегі мәселелер тыңдалып,2023-2024 оқу жылының жұмыс жоспарына сәйкес оқушылардың мектептегі қауіпсіздігін  қамту жұмыстары күшейтілуі жөнінде шешім шығарылды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации: