Білім алушылардың білім жетістіктерін мониторингтеу енгізілетін болады » 174 гимназия
Алматы қаласы
Управления образованияның
"№174 мектеп-гимназия"
акимата города Усть-Каменогорска
Приемная
+7(727)351-26-14
Бухгалтерия
+7(727)399-51-19
Версия для
слабовидящих
» » Білім алушылардың білім жетістіктерін мониторингтеу енгізілетін болады
20
август
2021

Білім алушылардың білім жетістіктерін мониторингтеу енгізілетін болады

Білім алушылардың білім жетістіктерін мониторингтеу енгізілетін болады

✔️Бүгінгі таңда еліміздегі барлық мектептер оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған жаңартылған мазмұн бойынша жұмыс істейді. Сондықтан орта білім беруді сырттай бағалау моделі жетілдірілді. Енді ОЖСБ - оқу жетістіктерін сырттай бағалаудың орнына білім алушылардың білім жетістіктерін мониторингтеу (МОДБ) енгізілетін болады. Бұған дейін оқу жетістіктерін сырттай бағалау функционалдық сауаттылықты емес, пәндік білімді өлшеу арқылы жүргізілген болатын.

✔️Айта кетейік, МОДБ мемлекеттік бақылау нысаны болып табылмайды және білім алушылар, оқытушылар мен білім беру ұйымдары үшін заңды салдары жоқ. Әрбір мектеп МОДБ қорытындысы бойынша білім алушылардың оқу жетістіктері туралы ақпарат және білім беру ұйымдарында оқыту мен оқытуды дамыту бойынша ұсынымдар алады.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: