№174 мектеп-гимназия кітапханашыларының ұйымдастыруымен «Оқуға құштар
Алматы қаласы Наурызбай ауданы №174 мектеп-гимназия кітапханашыларының ұйымдастыруымен «Оқуға құштар мектеп» бағытында түрлі оқу жұмыстары жүргізілуде. Осы орайда 4-Е сынып оқушыларымен Б. Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесінен ойын ұйымдастырылды. Мақсаты: Оқушыларды кітап оқуға қызығушылықтарын арттыру, ойларын, пікірлерін еркін айтуға, сөздік қорын молайту; оқушыларды адамгершілікке, мәдениеттілікке, әдебиетті сүюге, жағымсыз қасиеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.