Алматы қаласы, Наурызбай ауданы №174 мектеп-гимназиясында Халықаралық
Алматы қаласы, Наурызбай ауданы №174 мектеп-гимназиясында Халықаралық отбасы күніне орай ұйымдастырылып жатқан Республикалық "Отбасы сағаты" аясында 5-6 сынып оқушылар арасында "ОТАНЫМЫЗДЫҢ АЛТЫН ДІҢГЕГІ - ОТБАСЫ" атты сурет байқауы өткізілді. Отбасы күнін мерекелеу адамгершілік, рухани жауапкершілігін мойындауды нығайтуға көмектеседі. Отанға деген махаббат отбасынан басталады. Туған шаңырағыңда алған тәрбие - бұл жалпы біздің денсаулығымыз бен келешегіміздің кепілі.