Алматы қаласы Білім басқармасының
"№174 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)351-26-14
Есепші бөлімі:
+7(727)399-51-19
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Психология апталығы өз мәресіне жетіп, біз бұл ерекше аптаны жылы мейірімге, шынайы ықылас пен ақ ниетке толы көңіл күймен аяқтадық
26
декабрь
2025

Психология апталығы өз мәресіне жетіп, біз бұл ерекше аптаны жылы мейірімге, шынайы ықылас пен ақ ниетке толы көңіл күймен аяқтадық

🧡Психология апталығы өз мәресіне жетіп, біз бұл ерекше аптаны жылы мейірімге, шынайы ықылас пен ақ ниетке толы көңіл күймен аяқтадық. Апта бойы айтылған әрбір жылы сөз, көрсетілген әрбір қолдау мен түсіністік жүректерге жол тауып, жан дүниемізге шуақ сыйлады. Бұл күндер бізге адам жанының нәзік те қымбат екенін тағы бір мәрте еске салды.Бүгін сіздерге ұсынылып отырған мандарин – жай ғана сыйлық емес. Ол – жылулықтың, қуаныштың, шынайы ниет пен жақсы көңіл күйдің символы. Мандариннің әрбір бөлігі өмірлеріңізге шаттық, жүздеріңізге күлкі, жүректеріңізге тыныштық сыйласын деген тілектен құралған. Күндеріңіз шуақты, ойларыңыз жарық, көңілдеріңіз әрдайым көтеріңкі болсын.
Психология апталығы аяқталғанымен, мейірім, түсіністік пен жылы сөз ешқашан аяқталмасын.
https://www.instagram.com/reel/DSt3kdViMAn/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==​​​

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: