Коммунальное государственное учреждение
"Школа-гимназия №174"
Управления образования города Алматы
Приемная
+7(727)351-26-14
Бухгалтерия
+7(727)399-51-19
eOtinish.kz
Версия для
слабовидящих
» » Алматы қаласындағы Школа-гимназия №174да кәсіби бағдар беру жұмыстары жүргізілді
23
декабрь
2025

Алматы қаласындағы Школа-гимназия №174да кәсіби бағдар беру жұмыстары жүргізілді

Алматы қаласындағы Школа-гимназия №174да кәсіби бағдар беру жұмыстары жүргізілді. Шараға 11-сыныптың 150-ге жуық оқушысы қатысып, Тұран университетінің білім беру мүмкіндіктерімен танысты.

Университет өкілдері «Маркетинг», «Логистика» білім беру бағдарламаларының мазмұны мен артықшылықтарын баяндап, талапкерлерге арналған ішкі гранттар туралы ақпарат ұсынды. Сонымен қатар жоғары оқу орнын және мамандықты саналы түрде таңдауға бағытталған кеңестер берілді: болашақ мамандықтың өзектілігіне, еңбек нарығындағы сұранысына және жеке қабілеттерге назар аудару қажеттігі айтылды.

Іс-шараны ұйымдастыруға қолдау көрсеткен мектеп-гимназия әкімшілігіне және жоғары сынып жетекшілеріне алғыс білдіреміз.

Мұндай кәсіби бағдарлау кездесулері оқушылардың саналы таңдау жасауына және болашақ кәсіби бағытын дұрыс айқындауына зор мүмкіндік береді.

Кездесуді мектеп-гимназия басшылығының қолдауымен Тұран университетінің қабылдау науқанының үйлестірушісі Туякаев Е. және университет оқытушылары Джумадилдаева Ж.Б., Амиргалиева А.Х., Торекулова У.А. өткізді. 
https://www.instagram.com/reel/DSmbRU9iN_p/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==​​​

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: