02
июнь
2026
Фестиваль қатысушылары «Bala Coins» арнайы валютасын жинап, сыйлықтарға айырбастады

«Bala Fest 2026» балалар фестивалінің бағдарламасы аясында оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығын арттыру мақсатында арнайы ынталандыру жүйесі ұйымдастырылды. Фестивальдің танымдық алаңдарында қатысушылар үшін арнайы «Bala Coins» ішкі валютасы қолданысқа енгізілді. Осынау қызықты сәттер мен балалардың қуанышын «Urpaq Uni Media» медиа студиясының түсірілім тобы өз репортажына арқау етті.
Фестиваль шарты бойынша, балалар заманауи технологиялар, робот жасау, қауіпсіздік және шығармашылық бағытындағы түрлі шеберлік сағаттарына (мастер-кластарға) белсене қатысып, өз білімдері мен дағдыларын көрсеткені үшін арнайы коиндар жинады. Фестиваль соңында қатысушылар жиналған «Bala Coins» коиндарын бағалы әрі қызықты сыйлықтарға айырбастау мүмкіндігіне ие болды. Біздің жас тілшілеріміз өз еңбегімен алғашқы табысына қол жеткізген жас белсенділермен тілдесіп қайтты.
https://www.instagram.com/reel/DZFsFWOsSlZ/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==