Коммунальное государственное учреждение
"Школа-гимназия №174"
Управления образования города Алматы
Приемная
+7(727)351-26-14
Бухгалтерия
+7(727)399-51-19
eOtinish.kz
Версия для
слабовидящих
» » ҰЛТТЫҚ КОЛЛЕДЖ ЛИГАСЫ: АЛМАТЫДА ҚАЛАЛЫҚ ІРІКТЕУ БАСТАЛДЫ
11
февраль
2026

ҰЛТТЫҚ КОЛЛЕДЖ ЛИГАСЫ: АЛМАТЫДА ҚАЛАЛЫҚ ІРІКТЕУ БАСТАЛДЫ

https://www.instagram.com/reel/DUnvD0GjFL3/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=NTc4MTIwNjQ2YQ==​​​

 ҰЛТТЫҚ КОЛЛЕДЖ ЛИГАСЫ: АЛМАТЫДА ҚАЛАЛЫҚ ІРІКТЕУ БАСТАЛДЫ

Бүгін Алматы қаласында Ұлттық колледж лигасының волейбол спорт түрінен қалалық іріктеу кезеңі ресми түрде басталды. Жарысқа шаһардың үздік колледж командалары қатысып, республикалық кезеңге жолдама алу үшін бақ сынауда.

Салтанатты ашылу рәсімінде спортшылар, жаттықтырушылар және құрметті қонақтар бас қосты. Алматы қаласы Управления образования «Қалалық дене шынықтыру және спорт оқу-тәжірибелік орталығының» директоры Бахтияр Елемесов қатысушыларға сәттілік тілеп, жарыстың маңыздылығына тоқталды.

Сонымен қатар, жарысты ұйымдастыруға қолдау көрсеткен Школа-гимназия №174 ұжымы да ізгі тілектерін білдірді. Бас төреші Марат Буралкеев жарыс ережелерімен таныстырып, әділ ойын мен жоғары спорттық шеберлікке шақырды.

Салтанатты рәсімде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы көтеріліп, Әнұран шырқалды.

🎯 Бүгінгі іріктеу кезеңінде топ жарған командалар республикалық додада Алматы қаласының намысын қорғайтын болады. 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации: